User's Guide
Принтерге күтім жасау
Сканер әйнегін тазарту
Сканер әйнегіндегі, сканер қақпағы негізіндегі немесе сканер жақтауындағы шаң немесе лас сканердің
жұмысын жайлатуы, сканердің сапасын төмендетуі, көшірмелерді арнайы бет өлшеміне сәйкестендіру
сияқты арнайы мүмкіндіктердің мұқияттылығына әсер етуі мүмкін.
Сканер әйнегін тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Принтерді тазаламас бұрын оны (Қуаттүймесі) түймесін басу арқылы өшіріп,
электр розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
1. Сканер қақпағын көтеріңіз.
2. Жұмсақ әйнекті тазартқышпен дымқылданған жұмсақ, мамықсыз матаны қолдану арқылы сканер
әйнегін және қақпақтың артқы жағын тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Сканер әйнегін тазарту үшін тек қана әйнекті тазартқышты пайдаланыңыз. Сканер
әйнегіне зақым келтіруі мүмкін қырғыштары, ацетон, жанармай, көміртек тетрахлориді бар
тазартқыштарды қолданбаңыз. Сканер әйнегінде жолақтар қалдыруы мүмкін изопропил спиртін
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Әйнек тазартқышты сканер әйнегіне тікелей шашпаңыз. Егер көп тазартқыш
қолданылса, тазартқыш сканер әйнегінің астына өтіп, сканерді зақымдауы мүмкін.
3. Сканер қақпағын жауып, принтерді қосыңыз.
KKWW Принтерге күтім жасау 109