User's Guide

Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді
қалпына келтіру
Егер кейбір функцияларды өшірсеңіз немесе кейбір параметрлерді өзгертсеңіз және өзгертуді
қайтарғыңыз келсе, онда принтердің бастапқы зауыттық параметрлерін немесе желі параметрлерін
қалпына келтіруге болады.
Принтерді бастапқы зауыттық параметрлерге қою
1. Картридж аймағын қолдану үшін картридж есігін көтеріңіз.
2. Картридж есігі ашық тұрғанда, принтердің артындағы (Қуат түймесі) және Сымсыз
таңбашасын үш секунд басып тұрыңыз.
Принтердің бастапқы желі параметрлерін қалпына келтіру
Принтердің артындағы ( Сымсыз ) таңбашасын кемінде үш секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің желі параметрлерін қайта орнатқан кезде, бұрын теңшелген сымсыз байланыс
параметрлері (сілтеме жылдамдығы немесе IP мекенжайы сияқты) жойылады. IP мекенжайы қайтадан
Автоматты режиміне орнатылады.
КЕҢЕС: Көптеген жиі кездесетін принтер ақауларын түзетуге көмектесетін ақпарат пен қызметтік
бағдарламаларды алу үшін www.support.hp.com мекенжайындағы HP компаниясының онлайн қолдау
қызметі веб-сайтына кіруге болады.
(Windows) Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print and
Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
KKWW Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді қалпына келтіру 111