User's Guide

HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін www.support.hp.com
мекенжайындағы өнімді қолдау веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау принтерге қатысты
түрлі қызметтерді ұсынады:
Ақауларды түзетуге қатысты көмек алу: Бітеліп қалған қағаздарды шығару, желі байланысына қатысты
ақаулар, басып шығару сапасындағы ақаулар, принтер қателері және т.б. туралы ақпарат алыңыз.
Бағдарламалық құралды және драйверлерді алу: Принтер үшін қажетті бағдарламалық құралды,
драйверлерді және микробағдарламаны жүктеп алыңыз.
Қоғамдастықтан сұраңыз: Шешімдерді табу, сұрақтар қою және кеңестерді бөлісу үшін қоғамдастық
форумдарына қосылыңыз.
HP диагностика шешімдері: Принтерді тексеріп, ұсынылатын шешімдерді табу үшін, HP онлайн
режиміндегі құралдарын пайдаланыңыз. Windows операциялық жүйелерінде HP Print and Scan Doctor
арқылы автоматты түрде диагностика жасап, принтердегі ақауларды түзете аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Printer Essentials веб-бетіне кіру арқылы онлайн анықтама ала аласыз. Мұнда HP Smart
қолданбасын орнатуға, принтеріңізге арналған сия сатып алуға (соның ішінде HP Instant Ink, егер
қолданылса) және жалпы принтер тапсырмалары үшін анықтама алуға қажетті сілтемелерді таба аласыз.
HP қолдау қызметімен хабарласу
Мәселені шешу үшін HP техникалық қолдау қызметінің өкілінен көмек қажет болса, www.support.hp.com
веб-сайтына кіріңіз. Келесі байланысу түрлері кепілдеме бар тұтынушылар үшін тегін (HP агентінің
көрсеткен қызметі кепілдемесі жоқ тұтынушылар үшін ақылы болуы мүмкін):
HP
қолдау көрсету агентімен немесе HP виртуалдық агентімен онлайн сөйлесіңіз.
HP қолдау қызметінің агентін шақыру.
HP қолдау қызметіне хабарласқан кезде келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
Өнім атауы (принтерде орналасқан)
Өнім нөмірі және сериялық нөмірі (сия картриджін алу есігінің ішінде орналасқан)
112 9-тарау Мәселені шешу KKWW