User's Guide
Қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға қатысты HP кеңестері:
● Қағаз сенімді және тиісінше басқарылатын көзден алынғанын білдіретін FSC
®
немесе PEFC
TM
сертификаты бар HP қағаздарының алуан түрі болады, солардың бірін таңдаңыз.
1
●
Ресурстарды сақтаңыз, қайта өңделген материалдан жасалған қағазды қолданыңыз.
● Түпнұсқа HP картридждерін қайта өңдеу. Бұл HP Planet Partners бағдарламасы арқылы оңай және
тегін жүзеге асырылады, дүниежүзінде 47 ел мен территорияда қолжетімді.
2
● Беттің екі жағында басып шығару арқылы қағазды үнемдеңіз.
● ENERGY STAR
®
сертификаты бар HP өнімдерін таңдау арқылы энергияны үнемдеңіз.
● Көміртек шығарылуын азайту. Барлық HP принтерлерінде энергияны пайдалануды басқаруға
көмектесетін қуатты тұтынуды басқару параметрлері бар.
● HP және клиенттеріміз қоршаған ортаға әсерді азайту үшін пайдаланатын қосымша әдістермен
танысыңыз: www.hp.com/ecosolutions.
1
HP қағаздары FSC®C017543 немесе PEFC™TMPEFC/29-13-198 стандарттары бойынша
сертификатталған.
2
Бағдарламаның қолжетімділігі әртүрлі болады. Түпнұсқа HP картриджін қайтару және қайта өңдеу
қазіргі уақытта HP Planet Partners бағдарламасы арқылы Азияда, Еуропада және Солтүстік және
Оңтүстік Америкада 50-ден астам елде және территорияда қолжетімді. Қосымша ақпарат:
www.hp.com/recycle.
Eco-кеңестері
HP компаниясы тұтынушылардың қоршаған ортаға ықпал етуін азайтуға көмектесуге жауапкершілікпен
қарайды. HP қоршаған орта бастамалары туралы қосымша ақпарат алу үшін HP экологиялық шешімдері
веб-сайтына кіріңіз.
www.hp.com/sustainableimpact
1275/2008 Еуропалық Одақ комиссиясының ережесі
Өнімнің қуаты туралы деректерді, соның ішінде, барлық сымды желілік порттар қосылған және барлық
сымсыз желілік порттар белсендірілген болса, желіге қосылған күту режиміндегі өнімнің қуатты тұтынуы
туралы деректерді алу үшін өнімнің www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/productdata/
itecodesktop-pc.html бетіндегі IT ECO декларациясының P15 «Қосымша ақпарат» бөлімін қараңыз.
Қағаз
DIN 19309 және EN 12281:2002 стандарттарына қатысты бұл өніммен қайта өңделетін қағазды қолдануға
болады.
Пластмассалар
Өнімді қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қайта өңдеу мақсаттарында пластмассаларды анықтау
мүмкіндігін ұлғайтатын халықаралық стандарттарға байланысты 25 грамнан артық пластмасса бөліктері
белгіленген.
KKWW Қоршаған ортаны қорғайтын өнім бағдарламасы 127