User's Guide
HP Smart қолданбасы арқылы қосу
HP Smart қолданбасымен реттеу үшін
Принтерді сымсыз желіге орнату үшін HP Smart қолданбасын пайдалануға болады. HP Smart
қолданбасына iOS, Android және macOS құрылғыларында қолдау көрсетіледі. Осы бағдарлама туралы
ақпарат алу үшін, Басып шығару, көшіру, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын
пайдаланыңыз (39-бет) қараңыз.
1. Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың сымсыз желіге қосылғанына және сымсыз
желінің
Wi-Fi құпиясөзін білетініңізге көз жеткізіңіз.
2. Егер iOS немесе Android мобильді құрылғысын пайдаланып жатсаңыз, Bluetooth мүмкіндігі қосулы
екенін тексеріңіз. (HP Smart қолданбасы iOS және Android мобильді құрылғыларында орнату
процесін жылдам орындау үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдаланады.)
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы Bluetooth мүмкіндігін тек принтерді орнату үшін пайдаланады.
Bluetooth мүмкіндігі арқылы басып шығаруға қолдау көрсетілмейді.
3. Принтердің Auto Wireless Connect (AWC) орнату режимінде болуына көз жеткізіңіз.
Принтер AWC параметрлерін реттеу режимінде болғанда, Жиек жарығы шам қызылкүрең түсте
жанады, ол ортасынан шетке қарай жанып өшіп тұрады.
Принтердің параметрлерін алғаш рет орнатайын деп жатсаңыз, принтер қосыла салысымен,
параметрлерді реттеуге дайын болады және AWC режиміне ауысады. Принтер екі сағат бойы HP
Smart қолданбасына қосылу үшін оны іздейді, содан кейін іздеуді тоқтатады.
Егер ол екі сағаттан артық іздесе, принтерді қайта AWC параметрлерін орнату режиміне ауыстыру
үшін принтердің артындағы Сымсыз түймесін кемінде үш секунд басып тұрыңыз.
4. HP Smart қолданбасын ашыңыз, сонан соң келесілердің бірін орындаңыз:
● iOS/Android: Негізгі бетте Плюс белгішесін ( ) басыңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз. Егер
принтер тізімде болмаса, Add Printer (Принтер қосу) түймесін түртіңіз. Принтерді желіге қосу
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
● Windows және macOS: Негізгі экранда Плюс белгішесін түртіп, принтерді таңдаңыз. Егер
принтер табылмаса, Set up a new printer (Жаңа принтер орнату) опциясын басыңыз немесе
түртіңіз. Принтерді желіге қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
26 3-тарау Принтерді жалғау KKWW