User's Guide
Маршрутизаторсыз сымсыз байланыс арқылы қосу
Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, Wi-Fi Direct арқылы компьютерден, смартфоннан, планшеттен
немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз.
Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары
● Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін
тексеріңіз:
– Егер компьютерді қолданып жатқан болсаңыз, НР принтер бағдарламалық құралы
бағдарламасы орнатылғанын тексеріңіз
.
Егер HP принтер бағдарламалық құралы компьютерге орнатылмаған болса, алдымен Wi-Fi Direct
байланысын қосып, принтердің бағдарламалық құралын орнатыңыз. Принтердің
бағдарламалық құралы байланыс түрін сұраған кезде Сымсыз параметрін таңдаңыз.
– Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару бағдарламасын
орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/mobileprinting HP
мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз. Осы веб-сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/
аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса, басқа елдегі/аймақтағы немесе тілдегі НР
мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған болуыңыз мүмкін.
● Принтердің Wi-Fi Direct параметрі қосылғандығын тексеріңіз.
● Барлығы бес компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi Direct байланысын пайдалана алады.
● Принтер желіге сымсыз байланыс арқылы немесе онсыз қосылғанына қарамастан Wi-Fi Direct
пайдалануға болады.
● Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Басқару тақтасынан Wi-Fi Direct қосу немесе өшіру
▲ Принтердің басқару тақтасында түймесін барлық түймелер жанғанша басып тұрыңыз, сонан
соң , және түймелерін бір уақытта басыңыз.
● Wi-Fi Direct қосылып тұрғанда, шам жолақтың жиектерінен ортасына қарай жылжып тұрады.
● Wi-Fi Direct өшіп тұрғанда, көк шам қарңыз.жолақтың жиегінен ортасына дейін көк түсте
жылжып, соңына келгенде сарғылт түске ауысады.
30 3-тарау Принтерді жалғау KKWW