User's Guide
Сымсыз принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер
Сымсыз принтерді орнату және пайдалану үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
● Сымсыз байланыс желісіне қосылған принтерді компьютер арқылы орнатқанда, мынаны тексеріңіз:
– Сымсыз маршрутизатордың немесе кіру нүктесінің қосылуы.
– Компьютердің сымсыз байланыс желісіне қосылуы (Ethernet кабелін пайдаланбай).
– Принтердің AWC орнату режимінде болуы.
Принтер сымсыз маршрутизаторды іздеп, анықталған желі атауларын компьютерге тізімдейді.
● Компьютер виртуалдық жеке желіге (VPN) қосылса, желідегі басқа кез келген құрылғыға, соның
ішінде принтерге қосылудан бұрын VPN желісінен ажырату қажет.
● Желіні және принтерді сымсыз басып шығаруға теңшеу туралы қосымша мәліметтер. Қосымша
ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
● Желінің қауіпсіздік параметрлерін қалай табу керектігін үйреніңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
● HP Print and Scan Doctor құралы туралы қосымша ақпарат алыңыз. Қосымша ақпарат үшін желіге өту
мақсатында осы жерді басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама тек Windows операциялық жүйесінде қолданылады.
● Брандмауэр немесе антивирустық бағдарлама компьютердің принтерге қосылуына кедергі жасап
жатқанын анықтау және шешімдерін табу үшін HP онлайн брандмауэр ақауларын түзету құралы
пайдаланыңыз.
KKWW Сымсыз принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер 37