User's Guide

Басып шығару, көшіру, сканерлеу және ақауларды жою үшін
HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз
HP Smart қолданбасы HP принтеріңізді реттеуге, көшіруге, сканерлеуге, басып шығаруға, бөлісуге және
басқаруға көмектеседі. Құжаттар мен кескіндерді электрондық пошта, мәтіндік хабарлар және танымал
бұлт және әлеуметтік желі қызметтері (мысалы, iCloud, Google Drive, Dropbox және Facebook) арқылы
бөлісуге болады. Сонымен қатар жаңа HP принтерлерін орнатуға, сондай-ақ шығын материалдарын
бақылауға және оларға тапсырыс беруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы барлық тілдерде қолжетімді болмауы мүмкін. Кейбір мүмкіндіктер
принтердің барлық модельдерінде қолданылмауы мүмкін.
HP Smart қолданбасын орнату үшін
HP Smart қолданбасына iOS, Android, Windows 10 және macOS құрылғыларында қолдау көрсетіледі.
Құрылғыңызға қолданбаны орнату үшін, 123.hp.com сайтына өтіп, құрылғының қолданбалар
қоймасына өту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 10 компьютерінде HP Smart қолданбасын ашу үшін
HP Smart қолданбасын орнатқан соң, құрылғының жұмыс үстелінен Бастау түймесін басып,
қолданбалар тізімінен HP Smart таңдаңыз.
Принтерге жалғау
Құрылғыңыздың принтермен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз. Содан кейін HP Smart принтерді
автоматты түрде анықтайды.
HP Smart қолданбасы туралы қосымша ақпарат алу
HP Smart көмегімен басып шығару, көшіру, сканерлеу және ақауларды жою әдісі туралы негізгі
нұсқауларды HP Smart қолданбасы көмегімен басып шығару (46-бет), Көшіру және сканерлеу (68-бет)
және HP Smart қолданбасынан көмек алу (83-бет) бөлімінен қараңыз.
Басып шығару, көшіру, сканерлеу, принтер мүмкіндіктеріне қол жеткізу және ақауларды жою үшін HP
Smart қолданбасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты келесі сайттардан алыңыз:
iOS/Android: www.hp.com/go/hpsmart-help
Windows 10: www.hp.com/go/hpsmartwin-help
macOS: www.hp.com/go/hpsmartmac-help
KKWW Басып шығару, көшіру, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз 39