User's Guide
Енгізілген веб-сервері
Принтер желіге қосылған кезде, күй туралы ақпаратты көру, параметрлерді өзгерту және оны
компьютерден басқару үшін принтердің енгізілген веб-серверін (EWS) пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін EWS серверіндегі кейбір параметрлер құпиясөзбен
қорғалған. Егер құпиясөз сұралса, принтеріңіздегі жапсырмада көрсетілген PIN кодын енгізіңіз. Ол
принтердің ішіндегі картридж салынатын жердің айналасында немесе принтердің артында, жанында
немесе астында болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Интернетке байланыс болмаса да, енгізілген веб-серверді ашуға және пайдалануға
болады. Дегенмен, кейбір мүмкіндіктер қолданыста болмайды.
●
«Сookie» файлдары туралы
●
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
«Сookie» файлдары туралы
Енгізілген веб-сервер шолуды орындап жатқан кезде қатты дискіге өте кішкентай мәтін файлдарын
(cookie) орналастырады. Осы файлдар келесіде кіргенде ендірілген веб-сервердің компьютерді тануына
мүмкіндік береді. Мысалы, енгізілген веб-сервердің тілін теңшеген болсаңыз, «cookie» файлдары келесі
рет енгізілген веб-серверге кіргенде, беттер сол тілде көрсетілуі үшін таңдалған тілді есте сақтауға
көмектеседі. Кейбір «cookie» файлдарын (мысалы, тұтынушы белгілеген параметрлермен сақталатын
«cookie» файлдары) қолмен жоймайынша компьютерде сақталады.
Шолғышты барлық «cookie» файлдарын қабылдау үшін теңшейтін етіп немесе қайсы «cookie» файлдарын
қабылдау немесе қабылдамау қажеттігін шешуге мүмкіндік беретін, әрбір «cookie» файлы ұсынылған
кезде ескертілетін етіп теңшеуге болады. Қажетсіз «cookie» файлдарын жою үшін шолғышты да
пайдалануға болады.
Принтерге байланысты «cookie» файлдарын ажырататын болсаңыз, келесі мүмкіндіктердің бірін немесе
бірнешеуін ажыратуға болады:
● Кейбір орнату шеберлерін пайдалану
● Ендірілген веб-сервер шолғышы тілінің параметрін есте сақтау
● EWS Главная (Басты) бетін жекелеу
Құпиялылықты және «cookie» файлының параметрлерін өзгерту әдісі және «cookie» файлдарын қарап
шығу немесе жою жолы туралы қосымша ақпаратты веб-шолғышта қол жетімді құжаттамадан қараңыз.
Енгізілген веб-сервер ашылмайды
Желі параметрлерін тексеру
● Принтерді желіге қосу үшін телефон сымы немесе айқасқан кабель пайдаланылмағанын тексеріңіз.
● Желі кабелінің принтерге қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз.
● Желі хабы, қосқышы немесе жол жоспарлағышы қосылғанын және олардың дұрыс жұмыс істейтінін
тексеріңіз.
Компьютерді тексеру
● Қолданылатын компьютердің принтермен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
42 4-тарау Принтердің басқару құралдары KKWW