User's Guide
Принтерді жаңарту
Әдепкі бойынша, принтер қосылған желіге және веб қызметтеріне жалғанған болса, принтер
жаңартуларды автоматты түрде тексереді.
Принтердің жаңартуларды автоматты түрде тексеруін қосу
1. Принтер параметрлерін орнатып жатқанда, HP Web Services функциясы іске қосылған болса, принтер
автоматты түрде тіркеліп, жаңа нұсқаларды тексереді.
2. Автоматты жаңарту функциясын өшіріп қойғыңыз келсе, алдымен Web Services функциясын
өшіріңіз
.
Енгізілген веб-серверді (EWS) пайдалану арқылы принтерді жаңарту
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу (36-бет) бөлімін қараңыз.
2. Құралдар қойындысын басыңыз.
3. Printer Updates (Принтер жаңартулары) бөлімінде Firmware Updates (Алдын ала орнатылған
бағдарламалардың жаңартулары) түймесін басып, экрандағы нұсқауларға сүйеніңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құпиясөз сұралса, принтеріңіздегі жапсырмада көрсетілген PIN кодын енгізіңіз. Ол
принтердің ішіндегі картридж салынатын жердің айналасында немесе принтердің артында, жанында
немесе астында болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді пайдаланса,
прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желі
әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және орнатады,
кейінірек қайта бастаңыз.
44 4-тарау Принтердің басқару құралдары KKWW