User's Guide

Мобильді құрылғылардан басып шығару
Құжаттар мен фотосуреттерді iOS, Android, Windows Mobile, Chromebook және Amazon Kindle Fire жүйелері
қосылған мобильді құрылғылардан тікелей басып шығаруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, мобильді құрылғыдан басып шығару үшін HP Smart қолданбасын пайдалануға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін HP Smart қолданбасы көмегімен басып шығару (46-бет) бөлімін
қараңыз.
Мобильді құрылғылардан басып шығару
1. Принтердің мобильді құрылғымен бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
КЕҢЕС: Маршрутизаторға қосылмай басып шығаруды қаласаңыз, мобильді құрылғыдан басып
шығару үшін Wi-Fi Direct пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Маршрутизаторсыз сымсыз
байланыс арқылы қосу (30-бет) бөлімін қараңыз.
2. Мобильді құрылғыда басып шығару мүмкіндігін қосыңыз:
iOS: Share (Ортақ пайдалану) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын пайдаланыңыз немесе
.
ЕСКЕРТПЕ: iOS 4.2 немесе кейінірек нұсқасында іске қосылған құрылғыларда AirPrint
мүмкіндігі алдын ала орнатылған болады.
Android: Google Play дүкенінен HP басып шығару қызметі қосылатын модулін (көптеген Android
құрылғыларында қолданылады) жүктеп алыңыз да, оны құрылғыңызда қосыңыз.
Windows Mobile: Print (Басып шығару) параметрін Device (Құрылғы) мәзірінен түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтеріңіз тізімде жоқ болса, Add Printer (Принтерді қосу) шеберін қолданып
принтерді бір рет пайдалану үшін орнату қажет болуы мүмкін.
Chromebook: Wi-Fi арқылы басып шығаруды қосу үшін Chrome интернет дүкенінен HP Print for
Chrome қолданбасын жүктеп алып, орнатыңыз.
Amazon Kindle Fire HD9 және HDX: Құрылғыда Print (Басып шығару) параметрін алғаш рет
таңдаған кезде, HP басып шығару қызметі қосылатын модулі мобильді басып шығаруды қосу
үшін автоматты түрде жүктеп алынады.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғылардан басып шығаруды қосу туралы егжей-тегжейлі ақпаратты
алу үшін HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз ( www.hp.com/go/mobileprinting ). Осы веб-
сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса, басқа
елдегі/аймақтағы немесе тілдегі НР мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған болуыңыз
мүмкін.
3. Принтердің қағаз параметрлеріне сәйкес келетін қағазды салғаныңызға көз жеткізіңіз (қосымша
ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз). Қағаз өлшемін салынған қағазбен
мұқият реттеу мобильді құрылғыңыздың қандай қағаз өлшемі басып шығарылатынын білуіне
мүмкіндік береді.
48 5-тарау Басып шығару KKWW