User's Guide
Print Anywhere арқылы басып шығару
Print Anywhere – мобильдік интернет немесе қашықтағы Wi-Fi байланысы арқылы қашықтан басып
шығару үшін HP тіркелгісімен HP Smart қолданбасын пайдалануға мүмкіндік беретін тегін HP қызметі.
Print Anywhere қызметінің көмегімен интернетке қосылған HP принтерінің көмегімен кез келген жерде
құжатыңызды басып шығара аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді
басыңыз.
Print Anywhere қызметін пайдаланбас бұрын, принтердің интернеті бар белсенді желіге қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Принтердің параметрлерін реттеу кезінде HP Account жасасаңыз (кейбір келдерде/аймақтарда
қолжетімді болмауы мүмкін), HP ePrint автоматты түрде іске қосылады.
Параметрлерді орнату кезінде HP Account жасамаған болсаңыз, HP ePrint қосу үшін операциялық
жүйеге арналған мына қадамдарды орындаңыз.
iOS/Android
а. HP Smart қолданбасының Негізгі экранынан принтеріңізді басыңыз.
ә. Enable Print Anywhere (Кез келген орыннан басып шығаруды қосу) түймесін түртіңіз.
б. Сұралған кезде тіркелгіңізге кіріңіз немесе HP Account жасаңыз.
в. Enable (Қосу) түймесін түртіңіз.
Windows 10/macOS
а. HP Smart қолданбасының негізгі экранынан принтердің суретін басыңыз.
ә. Print Anywhere (Кез келген орында басып шығару) қойындысында, Sign In (Кіру) опциясын
таңдаңыз.
б. Сұралған кезде тіркелгіңізге кіріңіз немесе HP Account жасаңыз.
в. Enable (Қосу) түймесін басыңыз.
2. HP Smart ашып, құжатты басып шығарыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP Smart қолданбасы
көмегімен басып шығару (46-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint мүмкіндіктерін бірнеше құрылғыдан пайдаланғыңыз келсе, әрбір қосымша
құрылғыда HP Account арқылы кіруіңіз қажет. Жүйеге кіргеннен кейін жаңа құрылғы HP ePrint көмегімен
басып шығаруға дайын болады.
KKWW Print Anywhere арқылы басып шығару 49