User's Guide
Компьютер арқылы басып шығару
●
Құжаттарды басып шығару
●
Фотосуреттерді басып шығару
●
Хатқалталарды басып шығару
●
Екі жағын да басып шығару (дуплекс)
●
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару
●
Mac стационарлық компьютері немесе лаптоп арқылы басып шығару
Құжаттарды басып шығару
Құжаттарды басып шығармас бұрын, қағаз науасына қағаз салынғанын және шығыс науасы ашық екенін
тексеріңіз. Қағаз салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз.
Құжатты басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
● Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings
(Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс) аумағынан
қажетті түсті таңдаңыз.
● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы мәзірінен сәйкес қағаз түрін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, қағаз науасына тиісті қағазды салғаныңызды
тексеріңіз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер (57-бет)
бөлімін қараңыз.
5. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Беттің екі жағында басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
50 5-тарау Басып шығару KKWW