User's Guide

Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings
(Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс) аумағынан
қажетті түсті таңдаңыз.
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті фотосурет өлшемін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, қағаз науасына тиісті қағазды салғаныңызды
тексеріңіз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер (57-бет)
бөлімін қараңыз.
5. Сипаттар диалогтық терезесіне оралу үшін ОК түймешігін басыңыз.
6. Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймешігін басып, Басып шығару немесе OK түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған фотосурет қағазын қағаз науасынан
алып тастаңыз. Фотосурет қағазын бұратылмайтындай етіп орнатыңыз, дұрыс орналастырмау басып
шығару сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
Хатқалталарды басып шығару
Хатқалталарды басып шығармас бұрын қағаз науасына хатқалталар салынғанын және шығыс науасы
ашық екенін тексеріңіз. Қағаз науасына бір немесе бірнеше хатқалта салуға болады. Жылтырақ немесе
бедерлі хатқалталарды немесе қыстырғыштары мен терезелері бар хатқалталарды пайдаланбаңыз.
Хатқалталар салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Хатқалталарға басылып шығарылатын мәтінді пішімдеу туралы толық мәліметтерді word
бағдарламасындағы анықтама файлдарынан қараңыз.
Хатқалтаны басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
52 5-тарау Басып шығару KKWW