User's Guide
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару
Фотосурет қағаздарына жоғарғы сапалы, анық суреттерды басып шығару үшін, ең үлкен нүкте/дюйм
өлшемін қолданыңыз. Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемінде басып шығаруға басқа параметрлерде басып
шығаруға қарағанда ұзағырақ уақыт кетеді және оған дисктен үлкен бос орын қажет. Қолданылатын
басып шығару ажыратымдылықтарының тізімі үшін, www.support.hp.com мекенжайы бойынша өнімнің
қолдау тобының веб-сайтына кіріңіз.
Ең үлкен нүкте/дюйм режимінде басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
● Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз. Носители (Медиа құралы) ашылмалы
тізімінен сәйкес қағаз түрін таңдаңыз.
● Advanced (Қосымша) қойындысын басыңыз, Print in Max DPI (Максималды DPI режимінде
басып шығару) белгісін таңдап, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаздың барлық түрлері максималды нүкте/дюймге қолдау көрсете бермейді.
Қолдау көрсетілмейтін қағаз түрін Media (Медиа құралы) ашылмалы тізімінде таңдасаңыз, осы
опцияның жанында ескерту белгішесін көресіз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер (57-бет)
бөлімін қараңыз.
5. Қағаздың бағытын Орналасу қойындысында растап, басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.
Mac стационарлық компьютері немесе лаптоп арқылы басып шығару
Принтер macOS немесе OS X 10.7 және одан кейінгі және Apple AirPrint жүйелерінде жұмыс істейтін Mac
компьютерлерімен үйлесімді. AirPrint арқылы Mac компьютерінен басып шығаруды іске қосу үшін осы
бөлімдегі нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейлері мен принтер ескертулерін бақылау үшін HP Smart қолданбасын
пайдаланыңыз.
Егер принтерді реттеместен желіге қоссаңыз, алдымен қажетті бағдарламалық құралды орнату үшін
123.hp.com сайтына өтіңіз, одан кейін реттеуді аяқтаңыз.
Принтер реттеліп, сымсыз желіге қосылғаннан кейін AirPrint арқылы басып шығаруды іске қосу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
54 5-тарау Басып шығару KKWW