User's Guide
Принтер параметрлері туралы кеңестер
Принтер параметрлері туралы кеңестер (Windows)
● Әдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін, HP принтер бағдарламалық құралы ашып, Басып
шығару және сканерлеу , кейін Параметрлерді орнату түймелерін басыңыз. принтер
бағдарламалық құралы ашу туралы ақпарат алу үшін, HP принтер бағдарламалық құралы (Windows)
(40-бет) бөлімін қараңыз.
● Қағаз және қағаз науасының параметрлерін түсіну үшін:
– Қағаз өлшемі: Қағаз науасына жүктелген қағаз өлшемін таңдаңыз.
– Paper Type (Қағаз түрі) немесе Media (Тасушылар): Қолданып жатқан қағаз түрін таңдаңыз.
● Түс немесе қара және ақ түс параметрлерін түсіну үшін:
– Color (Түсі): Көп түсте басып шығару үшін барлық картридждердегі бояуды пайдаланыңыз.
– Black & White (Қара және ақ) немесе Black Ink Only (Тек қара бояу): Қара түсті бояуды тек сапасы
қалыпты не төмен қара және ақ түсті баспалар үшін пайдаланады.
– High Quality Grayscale (Жоғары сапалы сұр шкала): Жоғары сапалы қара және ақ түсте басып
шығару мақсатында, қара және сұр түстердің кең ауқымын жасау үшін, түрлі түсті және қара
картридждердегі бояуды пайдаланады.
● Басып шығару сапасының параметрлерін түсіну үшін:
Басып шығару сапасы бір дюйм үшін басып шығару ажыратымдылығының нүктелерімен өлшенеді
(нүкте/дюйм). Жоғары нүкте/дюйм өлшемі анығырақ әрі толық баспаларды шығарғанымен, басып
шығару жылдамдығын баяулатып, көбірек бояуды пайдаланады.
– Draft (Жоба): Төмен нүкте/дюйм өлшемі әдетте бояу деңгейлері төмен болғанда немесе жоғары
сапалы баспалар қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.
– Normal (Қалыпты): Көптеген басып шығару жұмыстары үшін ыңғайлы.
– Best (Ең жақсы): Better (Жақсырақ) сапасынан жақсырақ нүкте/дюйм.
– Max DPI Enabled (Макс. нүкте/дюйм қосылған): Ең жоғары нүкте/дюйм параметрі басып шығару
сапасы үшін қолжетімді.
● Бет және пішім параметрлерін түсіну үшін:
– Orientation (Бағдар): Тігінен басып шығару үшін Portrait (Кітаптық) немесе көлденең басып
шығару үшін Landscape (Альбомдық) бағытты таңдаңыз.
– Print on both sides (Екі жағында басып шығару): Қағаздың бір жағы басып шығарылғаннан
кейін беттерді қолмен аударыңыз, осылайша, қағаздың екі жағы да басып шығарылады.
KKWW Дұрыс басып шығару туралы кеңестер 57