User's Guide

Шамалас сия деңгейлерін тексеру
Принтердің бағдарламалық құралынан, принтерді басқару тақтасынан немесе HP Smart қолданбасынан
бағаланған сия деңгейлерін тексеруіңізге болады.
Принтер бағдарламалық құралынан сия деңгейлерін тексеру (Windows)
1. HP принтер бағдарламалық құралы бағдарламалық құралын ашыңыз.
2. принтер бағдарламалық құралы бағдарламасында Estimated Levels (Анықталған деңгей) түймесін
басыңыз.
HP Smart ішінен сия деңгейін тексеру үшін
Мобильді құрылғыңыздан HP Smart қолданбасын ашыңыз. Принтеріңіз үшін шамаланған сия
деңгейлері экранның үстіңгі жағында, принтер суретінің жанында пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару кешігулерін
болдырмау үшін ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Басып шығару сапасы жарамсыз
болмайынша сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта толтырылған немесе қайта шығарылған картриджді немесе басқа принтерде
қолданылған картриджді орнатқан болсаңыз, сия көрсеткіші мұқият емес немесе қол жетімсіз болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждердегі сия әртүрлі әдістегі басып шығару үрдісінде қолданылады, олар басып
шығаруға принтер мен картриджді дайындайтын бастапқы күйді және принтер қондырмасының таза
болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару механизмінің қызметін қамтиды.
Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджда қалып қояды. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/inkusage бөлімін қараңыз.
KKWW Шамалас сия деңгейлерін тексеру 61