User's Guide

Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер
Картридждармен жұмыс істегенде мына кеңестерді пайдаланыңыз:
Картридждерді кеуіп кетуден қорғау үшін принтерді әрқашан Қуат түймесін пайдаланып өшіріңіз.
Орнатуға дайын болмайынша қақпақсыз картридждерді ашпаңыз. Картридждерде қақпақтарды
қалдыру сияның булануын азайтады.
Картридждерді сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждің түсін картридж ысырмасының түсіне
сәйкестендіріңіз. Барлық картридждердің орнына түсуін тексеріңіз.
Басып шығарудың үздік сапасына қол жеткізу үшін принтерді туралаңыз. Қосымша ақпаратты
Басып шығару ақаулары (94-бет) бөлімінен қараңыз.
HP Smart қолданбасындағы Estimated Cartridge Levels (Болжанған картридж деңгейлері) экраны
немесе принтердің бағдарламалық құралындағы Estimated Levels (Болжанған деңгейлер) экраны
картридждердің біреуінде немесе екеуінде сияның аз екенін көрсетсе, ықтимал басып шығару
кідірістерін болдырмау үшін картридждерді ауыстырған жөн. Басып шығару сапасы ұнамсыз
болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ. Қосымша ақпаратты Картридждарды
ауыстыру (63-бет) бөлімінен қараңыз.
Егер қандай да бір себепке байланысты картриджді принтерден шығарған болсаңыз, оны
мүмкіндігінше тез қайта қоюға тырысыңыз. Картридж принтердің сыртында қорғаусыз
қалдырылған болса, оның шүмегінің құрғап және бітеліп қалуы мүмкін.
Картридждерді принтерде ұзақ уақытқа қалдыруға болады. Дегенмен, картридждің жақсы жағдайын
қамтамасыз ету үшін принтер қолданылмаған кезде принтердің дұрыс өшірілгенін тексеріңіз.
Принтерді өшіру үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз. Қуат сымын ажыратпас бұрын немесе
ұзартқышты өшірмес бұрын қуат шамының өшірілгенін күтіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтерді дұрыс өшірмесеңіз, басып шығаратын каретканың дұрыс орнына
қайтарылмауы, картридждеріндегі және басып шығару сапасындағы ақауларға әкелуі мүмкін.
KKWW Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер 67