User's Guide
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
● Әйнек пен қақпақтың артын таза ұстаңыз. Сканер кез келген дақты немесе белгіні сканерленетін
кескіннің бөлігі ретінде таниды.
● Түпнұсқа құжатты сканер әйнегіне басып шығарылатын бетін төмен қаратып, жоғарғы сол жақ
бұрышын туралап қойыңыз.
● Шағын түпнұсқаның үлкен көшірмесін жасау үшін түпнұсқаны компьютерге сканерлеңіз, сканерлеу
бағдарламасындағы кескін өлшемін өзгертіңіз
, содан кейін үлкейтілген кескіннің көшірмесін басып
шығарыңыз.
● Егер сканерлеу өлшемі, шығару түрі, сканерлеу ажыратымдылығы немесе файл түрі, т.б.
параметрлерді реттегіңіз келсе, сканерлеуді принтердің бағдарламалық құралынан бастаңыз.
● Дұрыс емес немесе жоқ сканерленген мәтінді болдырмау үшін бағдарламада жарықтық тиісті түрде
орнатылғанын тексеріңіз.
● Бірнеше беттен тұратын құжатты бірнеше файл ретінде емес, бір файлға сканерлеу қажет болса,
принтер бағдарламалық құралы немесе қолданбамен сканерлеңіз.
76 7-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW