User's Guide

HP ePrint қызметін қолданып басып шығару
HP ePrint кез келген уақытта кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару мүмкіндігін
береді.
HP ePrint мүмкіндігін пайдаланбас бұрын, принтер Интернет байланысымен қамтамасыз ететін белсенді
желіге қосылғандығын тексеріңіз.
HP ePrint пайдалану арқылы құжатты басып шығару үшін
1. Веб-қызметтері орнатылғандығын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату (79-бет) бөлімін қараңыз.
2. Принтерге электрондық пошта мекенжайын шығару:
а.
Принтердің басқару тақтасының түймелері жанғанша, (Ақпарат түймесі) түймесін үш
секунд басып тұрыңыз.
ә.
Веб қызметтерінің ақпараттық бетін басып шығару үшін, түймесі ((Жалғастыру түймесі))
түймесін басып, беттен принтерге арналған электрондық пошта мекенжайын табыңыз.
3. ҚҰжатты принтерге электрондық поштамен жіберіңіз.
а. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын
қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.
ә. Жаңа электрондық поштаны жасаңыз және құжатты басып шығару үшін тіркеңіз.
б. Электрондық пошта хабарын принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
Принтер тіркелген құжатты басып шығарады.
ЕСКЕРТПЕ:
HP ePrint электрондық пошта мекенжайын «Кімге» өрісіне енгізіңіз. Басқа өрістерге кез келген
қосымша электрондық пошта мекенжайларын енгізбеңіз. HP ePrint сервері «Кімге» өрісіне
бірнеше электрондық пошта мекенжайы немесе «Көшірме» өрісіне қандай да бір мекенжай
енгізілсе, электрондық поштаны басып шығару тапсырмаларын қабылдамайды.
Электрондық пошта хабары алынған кезде басылып шығарылады. Кез келген электрондық
пошта сияқты оның қашан алынатынына және алынбайтынына кепілдік берілмейді.
Принтердің күйін HP Smart веб-сайтынан (барлық елде/аймақта қолжетімді болмауы мүмкін)
көруіңізге болады.
HP ePrint мүмкіндігімен басып шығарылған құжаттар түпнұсқада әртүрлі көрсетілуі мүмкін.
Түпнұсқалық құжаттан мәнері, пішімі және мәтін ағымы өзгеше болуы мүмкін. Жоғарғы
сапамен басып шығарылуы тиіс (ресми құжаттар сияқты) құжаттарды, басып шығару құжаты
қалай көрінетінін басқару үшін компьютердегі бағдарламадан басып шығаруға кеңес береді.
80 8-тарау Веб-қызметтер KKWW