User's Guide

Қағаз кептелістерін болдырмау әдісі
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
Басып шығару үшін мыжылған, бүгілген немесе зақымдалған қағазды пайдаланып жатпағаныңызды
тексеріңіз.
Бұратылуды немесе мыжытуды болдырмау үшін барлық қолданылмаған қағазды тегіс жабық
қалтада сақтаңыз.
Принтер үшін тым қалың немесе тым жұқа қағазды қолданбаңыз.
Науалардың дұрыс жүктелгенін және тым көп жүктелмегенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз.
Қағаз науасына салынған қағаздардың тегіс орналасуын және ұштары бүгілмеуін не жыртылмауын
қамтамасыз етіңіз.
Қағаз науасында әр түрлі қағаз түрлері мен қағаз өлшемдерін араластырмаңыз; қағаз науасындағы
қағаздардың барлығы бірдей өлшемде және түрде болуы қажет.
Барлық қағаздарға дәл сәйкестендіру үшін қағаз науасындағы қағаз енін бағыттауыштарды
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енін бағыттауыштардың майыстырмайтынын
тексеріңіз.
Қағаз науасының ішіне қағазды қатты итеріп салмаңыз.
Егер беттің екі жағында да басып шығаратын болсаңыз, жеңіл салмақты бетте аса қанық суреттерді
басып шығармаңыз.
Принтерде қағаз бітейін деп тұрса, алдымен принтерге қағаздың қалғанын қолдануына рұқсат беріп,
одан кейін қағазды қосыңыз. Принтер басып шығарып жатқанда қағаз салмаңыз.
Қағаз беру ақауларын шешу
Сізде қандай мәселе бар?
Қағаз науасынан қағаз алынбады
Қағаз науасына қағаздың салынғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа
құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз.
Барлық қағаздарға дәл сәйкестендіру үшін қағаз науасындағы қағаз енін бағыттауыштарды
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енін бағыттауыштардың
майыстырмайтынын тексеріңіз.
Қағаз науасындағы қағаздың бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың шиыршықталған
жағын қарсы бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
Беттер жылжып кеткен
Қағаз науаның ортасына салынғанын және қағаз енін бағыттауыштар қағаздың сол және оң жақ
шеттеріне сәйкес келіп тұрғанын тексеріңіз.
Қағазды принтерде басып шығару процесі жүріп жатпағанда салыңыз.
Бірнеше бет алынып жатыр
KKWW Осы нұсқаулықта анықтама алу 91