User's Guide

Барлық қағаздарға дәл сәйкестендіру үшін қағаз науасындағы қағаз енін бағыттауыштарды
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енін бағыттауыштардың
майыстырмайтынын тексеріңіз.
Қағаз науасына қағазды шамадан тыс көп салуға болмайды.
Салынған қағаздың бөліктері бір-бірімен байланыспайтындығын тексеріңіз.
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
Сия картриджіндегі ақаулар
Картриджде ақаулық бар-жоғын анықтау
Картридждегі ақаулықтарды шешу
Картриджде ақаулық бар-жоғын анықтау
Егер картриджде проблема болса, принтердің бағдарламалық құралынан немесе HP Smart қолданбасынан
картридждің проблемасы туралы хабарды алуыңыз мүмкін немесе Картридж есігі жанады.
Нақты картриджде проблеманың бар-жоқтығын анықтау үшін картридж есігін ашып, сия картриджі
шамын тексеріңіз. Егер ол жанса немесе жыпылықтаса, тиісті картриджде ақау бар болғаны. Себебі және
шешімі туралы қосымша ақпарат алу үшін Принтердің ескерту немесе қате күйі (102-бет) бөлімін
қараңыз.
Картридждегі ақаулықтарды шешу
Егер картридж орнатылғаннан кейін қате пайда болса немесе картриджде ақаулық бар деген хабар
көрсетілсе, картридждерді алып, әрбір картриджден пластикалық таспаның қорғайтын бөлігі алынғанын
тексеріп, картридждерді қайта салыңыз. Бұл жұмыс істемесе, картридж контактілерін тазалаңыз. Егер
проблема әлі шешілмесе, картридждерді ауыстырыңыз. Картридждерді ауыстыру туралы ақпарат алу
үшін Картридждарды ауыстыру (63-бет) бөлімін қараңыз.
Сия картриджының түйіспелерін тазалау
ЕСКЕРТУ: Тазалау процесі бірнеше минутты ғана алады. Картридждердің принтерге мүмкіндігінше
жылдам қайта орнатылғанын тексеріңіз. Картридждерді принтердің сыртында 30 минуттан көп уақыт
бойы қалдыру ұсынылмайды. Картридждер принтердің сыртында қорғаусыз қалдырылған болса,
олардың шүмегінің құрғап және бітеліп қалуы мүмкін.
1. Қуат қосулы тұрғанын тексеріңіз.
92 9-тарау Мәселені шешу KKWW