Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2019 HP Development Company, L.P. DisplayPort™ және DisplayPort™ логотиптері – Video Electronics Standards Association (VESA®) компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгілері. HDMI, HDMI Logo және HighDefinition Multimedia Interface – HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Thunderbolt – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгісі.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату және техникалық сипаттамалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпті емес ақпаратты көрсетеді (мысалы, мүліктік залалға қатысты хабарлар).
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Іске кірісу ..................................................................................................................................................... 1 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ............................................................................................................... 1 Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары .............................................................................................................. 2 Ерекшеліктер ...........................
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірін табу ........................................................................................................... 25 4 Мониторға техникалық қызмет көрсету .................................................................................................... 26 Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары ....................................................................................................... 26 Мониторды тазалау ...........................................................
1 Іске кірісу Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге айнымалы ток адаптері және қуат сымы берілуі мүмкін. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымы жинағы туралы ақпаратты құжаттама жинағындағы Өнім ескертулері бөлімінен қараңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін: ● Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары Ерекшеліктер Дисплей мүмкіндіктері: ● 1920 × 1080 ажыратымдылығына ие, диагоналі 55 см (21,5 дюйм) көрінетін экран аумағы, сонымен қатар төмен ажыратымдылықтарға арналған толық экран қолдауы ● Жарық диодты жарқылсыз панель ● Отырып не тұрып немесе бір тараптан екінші тарапқа жүріп көруге мүмкіндік беретін кең көру бұрышы ● Экрандық дисплей реттеулерін оңай орнатып, экранды оңтайландыру үшін бірнеше тілде берілген ● Амалдық жүйе қолдау көрсетсе, Plug and Play (Қос
Артқы және бүйір бөлшектері Кесте 1-1 Артқы және бүйірлік құрамдас бөлшектер мен олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшегі Функциясы (1) Тұрақты ток КІРІС қосқышы AТ адаптерін қосады. (2) Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арқан ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін қосады. (3) HDMI порты HDMI кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды. (4) DisplayPort OUT қосқышы DisplayPort кабелін екінші мониторға ізбе-із жалғайды.
Кесте 1-1 Артқы және бүйірлік құрамдас бөлшектер мен олардың сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшегі Функциясы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тәріздес құлақаспапты немесе гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін азайтыңыз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, құжаттама жинағымен бірге берілген Өнім туралы ескертулер құжатын қараңыз.
Мониторды орнату Монитор тұғырын орнату МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түс біркелкі болмауы немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді. 1. Монитор басын көбікті материалдан жасалған қорғаныш пенопластпен немесе таза, құрғақ шүберекпен жабылған тегіс бетке төмен қаратып жатқызыңыз. 2.
Мониторды орнату Монитор басын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына бекітуге болады. ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы UL– немесе CSA– тізіміндегі қабырғаға бекіту кронштейн арқылы қолдау көрсетуге арналған. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл монитор VESA® өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату тесіктерін қолдайды. Үшінші жақ орнату құралын монитор басына бекіту үшін, ұзындығы - 4 мм, биіктігі - 0,7 қадам, 10 мм төрт бұранданы пайдаланыңыз.
VESA қабырға кронштейнін тағу 1. Монитордың артындағы VESA саңылауларынан төрт бұранданы алып тастаңыз. 2. Монитор басын тербелмелі тетікке немесе басқа орнату құрылғысына тіркеу үшін, орнату құрылғысындағы тесіктер арқылы төрт орнату бұрандасын өткізіп, монитор басындағы VESA бұранда тесіктеріне кіргізіңіз.
Кабельдерді қосу ЕСКЕРТПЕ: Монитор таңдаулы кабельдерімен ғана жеткізіледі. Бұл бөлімде берілген кабельдердің кейбіреуі монитор жинағына кірмейді. 1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. 2. Кабельдерді жалғарда кабельдерді тұғырдың ортасындағы арнаулы саңылаудан өткізіңіз. 3. Бейнені іске қосу үшін, кабельді немесе кабельдерді жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды.
● HDMI кабелінің бір ұшын монитордың артындағы HDMI портына, екіншісін негізгі құрылғының HDMI портына жалғаңыз. ● USB Type-C кабелінің бір ұшын монитордың артындағы USB Type-C портына, ал екінші ұшын негізгі құрылғыдағы USB Type-C портына жалғаңыз. (Монитормен бірге берілген HP мақұлдаған USB Type-C кабелін ғана пайдаланыңыз.) ЕСКЕРТПЕ: Желі, деректер, бейне және қуат (65 Вт-қа дейін) жеткізу мүмкіндігін беретін монитордың USB Type-C порты.
4. Желі кабелінің бір ұшын монитордағы желі ұясына, ал екінші ұшын желі қабырға ұясына немесе маршрутизаторға жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: 5. Желі функциясын қосу үшін USB жоғарғы портының жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымының бір ұшын айнымалы ток адаптеріне (1), ал екінші ұшын жерге тұйықталған айнымалы ток розеткасына (2) жалғап, айнымалы ток адаптерін монитордағы (3) қуат КІРІС қосқышына жалғаңыз.
USB құрылғыларын жалғау Монитордың артқы жағында монитордың USB Type-A төмен ағынды порттарына арналған жоғары ағынды хабы ретінде жұмыс істейтін бір USB Type-B және бір USB Type-C порты бар. Монитордың артқы жағында екі USB Type-A төмен ағынды порты және монитордың артқы жағында екі USB Type-A төменгі ағын порты бар. ЕСКЕРТПЕ: Монитордағы USB Type-A төмен ағынды порттарды іске қосу үшін, негізгі құрылғыдағы USB Type-B немесе USB Type-C жоғары ағынды кабелін монитордың артқы жағына жалғау керек.
Мониторды реттеу 12 1. Монитор басын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз. 2. Жақсы көрінетін бұрыш үшін монитор басын солға немесе оңға бұрыңыз.
3. Жеке жұмыс орныңыздың ыңғайлы орналасуы үшін монитордың биіктігін реттеңіз. Монитордың жоғарғы беттік панель жиегі көз деңгейінен жоғары болмауы керек. Төмен орналасқан немесе артқа шалқайып тұрған монитор түзегіш линзалары бар пайдаланушыларға ыңғайлы. Монитор күні бойы жұмыс істейтін қалпыңызға байланысты қайта қойылады. 4. Қолдануыңызға байланысты, монитор басын альбомдық бағыттан портреттік бағытқа бұруға болады. а.
Мониторды қосу 1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз. 2. Мониторды қосу үшін оның астыңғы жағындағы қуат түймесін басыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалдық кескін - қозғалыссыз бір бейне кем дегенде жалғасымды 12 сағат қолданбағанда пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің экранда пайда болуының алдын алу үшін, экранды сақтау бағдарламасын қосу керек немесе егер ұзақ уақыт қолданылмаса, мониторды өшіріп қою керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды.
HP ноутбук немесе жұмыс үстелі компьютерін қондыру HP ноутбук немесе жұмыс үстелі компьютерін бір USB Type-C қосылымы бар мониторға қондыруға болады. HP ноутбугін қондыру кезінде USB Type-C порты желі, деректер, бейне және қуат жеткізу мүмкіндігін береді. Желі кабелі желінің негізгі ұясынан USB Type-C арқылы желіге қосылатын монитордың желі ұяшығына жалғанғанын тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Хост компьютері USB Type-C қосқышы арқылы DisplayPort балама режимін (бейне, зарядтау және USB 3.
2 Мониторды пайдалану Бағдарламалық жасақтама мен утилиталарды жүктеп алу Төмендегі файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға және орнатуға болады. ● INF (Ақпарат) файлы ● ICM (Сурет түстерін сәйкестеу) файлдары ● HP Display Assistant: Монитор параметрлерін реттейді және ұрлықтан қорғау мүмкіндігін іске қосады Файлдарды жүктеп алу үшін: 1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз. 2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану Экрандағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін, экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдаланыңыз. Монитор алдыңғы беттік панелінің астыңғы жағындағы түймелер арқылы экрандық дисплейге кіруге және баптаулар жасауға болады. Экрандық дисплей мәзіріне кіру және реттеулер жасау үшін: 1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз. 2. Экрандық дисплей мәзіріне кіру мақсатында экрандық дисплейді ашу үшін, Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
Функция түймелерін пайдалану Түймелерді қосу және олардың үстінен белгілерін көрсету үшін, функция түймелерінің бірін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Функция түймелерінің әрекеттері монитор модельдерінен өзгеше болады. Әдепкі түйме белгішелері мен функциялары төмендегі суретте және кестеде көрсетілген. Түймелердің функциясын өзгерту туралы ақпаратты Функция түймелерін қайта тағайындау (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Әлсіз көк шам режимін реттеу Монитор шығарылатын көк жарықты азайту арқылы көзге түсетін көк жарық экспозициясын азайтуға болады. Бұл монитор экрандағы мазмұнды оқу кезінде көк жарық шығысын азайтып, көбірек демалдыратын және кескін үлгіленуін азайтатын параметрін таңдау мүмкіндігін береді. Монитордағы көк шам шығысын реттеу үшін: 1. Экранда экрандық дисплей белгішелерін көрсету үшін, монитордың астыңғы жағындағы төрт экрандық дисплей түймешігінің бірін басыңыз. 2.
2. Негізгі монитордағы DisplayPort OUT порты мен қосымша монитордағы DisplayPort IN порты арасына DisplayPort кабелін жалғау арқылы екінші мониторды қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Қосымша монитор негізгі монитормен бірдей модельде болмауы керек. Жалғанған мониторды суретті бастапқы монитор ретінде көрсету немесе басқа суретті көрсету үшін орнатыңыз. DisplayPort 1.1 - әдепкі параметр, бірақ DisplayPort шығысы қосымша мониторға жалғанғанда, параметр автоматты түрде DisplayPort 1.2 портына өзгереді. 4.
Aвто ұйқы режимін қолдану Монитор экрандық дисплей (OSD) мәзіріндегі Auto-Sleep Mode (Aвто ұйқы режимі) опциясын қолдайды, ол арқылы монитордың қуат күйін азайту функциясын қосуға немесе өшіруге болады. Автоматический спящий режим (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса, монитор қосылып тұрған компьютер төмен қуат сигналын бергенде (көлденең немесе тік синхронды сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді. Auto-Sleep Mode (Авто ұйқы режимі) әдепкі бойынша іске қосылады.
3 Қолдау және ақаулықтарды жою Жиі кездесетін ақауларды шешу Мына кестеде орын алуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін ұсынылатын әдістер көрсетілген. Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою әдісі Экран бос немесе бейне жыпылықтайды. Қуат сымы ажыратылған. Монитордың қуат сымын жалғаңыз. Монитор өшірулі. Монитордың қуат сымын басыңыз.
Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер (жалғасы) Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою әдісі Экрандық дисплейде қуат режимі қуат үнемдеу режиміне орнатылады. Экрандық дисплейде қуат режимін өнімділік режиміне өзгертіңіз. түймесін құлыптау) хабары көрсетіледі. USB хабында ұйқы режимінде зарядтау функциясы жоқ. Түйме бөгеулері Қуат түймесін немесе Меню (Мәзір) түймесін 10 секунд ұстап тұру осы түйменің жұмысын бөгейді. Функцияларын қалпына келтіру үшін, сол түймені 10 секунд қайта басып тұрыңыз.
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірін табу Сериялық нөмірі мен өнім нөмірі монитор басының артқы жағындағы жапсырмада орналасқан. Бұл нөмірлер мониторыңыздың моделі туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін.
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін: ● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін. Мата ылғал болуы, бірақ қатты сулы болмауы керек. Желдеткіш саңылауларынан немесе басқа тесіктерден су кірсе, мониторға зақым келуі мүмкін. Мониторды пайдаланудан бұрын, құрғақ ауада кептіріңіз. Мониторды тасымалдау Бастапқы қорапты қойма аймағында сақтап қойыңыз.
а Техникалық сипаттар ЕСКЕРТПЕ: Барлық сипаттамалар HP құрамдастар өндірушілері берген әдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. Бұл өнімнің соңғы немесе қосымша техникалық сипаттамаларын көру үшін http://www.hp.com/go/ quickspecs/ веб-сайтына кіріп, мониторға тән QuickSpecs табу үшін арнайы дисплей үлгісін іздеңіз.
Кесте а-1 Техникалық сипаттамалар (жалғасы) Техникалық сипаттамалар Өлшеу Толық қуатты режим 140 Вт (қуат береді) Қалыпты параметрлері 38 Вт Ұйқы 0,5 Вт Өшірулі 0,5 Вт USB Type-C қуат көзінің шығысы 5 В ТТ – 3,0 A 9 В ТТ – 3,0 A 10 В ТТ – 5,0 A 12 В ТТ – 5,0 A 15 В ТТ – 4,3 A 20 В ТТ – 3,25 A Кіріс терминалы Бір USB Type-C порты, бір HDMI порты Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылықтары Төменде тізімделген дисплей ажыратымдылығы өте жиі пайдаланылатын режимдер және зауыттың әдепкі мәні рет
Кесте а-3 Алдын-ала орнатылған синхрондау ажыратымдылықтары Алдын ала орнатылғ ан Уақыт атауы Нүктелер форматы Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) (1) 480p 640 × 480 31,469 59,940 (2) 480p 720 × 480 31,469 59,940 (3) 480i 720 × 480 15,734 59,940 (4) 576p 720 × 576 31,250 50,000 (5) 576i 720 × 576 15,625 50,000 (6) 720p50 1280 × 720 37,500 50,000 (7) 720p60 1280 × 720 45,000 60,000 (8) 1080p60 1920 × 1080 67,500 60,000 (9) 1080p50 1920 × 1080 56,250 50,000
үнемдеу утилитасы мониторды қуатты үнемдеу күйіне ауыстырғанда, қуат жарығы сары болып жыпылықтайды.
ә Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (36-бет) бөлімінен қараңыз.
WCAG көру, есту, физикалық, ұғыну және неврологиялық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, сондайақ қол жеткізу қажеттіліктері бар ересек интернетті пайдаланушылардың интернеттегі мазмұнға қол жеткізу тосқауылдарына айтарлықтай шешеді. WCAG 2.
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі