User's Guide

Кабельдерді қосу
ЕСКЕРТПЕ: Монитор таңдаулы кабельдерімен ғана жеткізіледі. Бұл бөлімде берілген кабельдердің
кейбіреуі монитор жинағына кірмейді.
1. Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз.
2. Кабельдерді жалғарда кабельдерді тұғырдың ортасындағы арнаулы саңылаудан өткізіңіз.
3. Бейнені іске қосу үшін, кабельді немесе кабельдерді жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде
анықтайды. Экрандық дисплей (OSD) мәзіріне кіретін Меню (Мәзір) түймесін басу және
Управление вводом (Кірісті басқару) элементін таңдау арқылы кірістер таңдауға болады.
USB Type-B кабелінің бір ұшын монитордың артындағы USB Type-B жоғары ағынды
портына, ал екінші ұшын негізгі құрылғыдағы USB Type-A портына жалғаңыз. Бұл бейне
және деректер өткізу мүмкіндігін іске қосады.
8 1-тарау Іске кірісу