User's Guide
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын
түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары
сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін,
қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат
басқару параметрін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
Қауіпсіздік кабелін орнату
Мониторды HP компаниясынан алуға болатын қосымша қауіпсіздік кабелімен орнатылған нәрсеге
бекітуіңізге болады.
Мониторды орнату 15










