User's Guide

2 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық жасақтама мен утилиталарды жүктеп алу
Төмендегі файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға және орнатуға болады.
INF (Ақпарат) файлы
ICM (Сурет түстерін сәйкестеу) файлдары
HP Display Assistant: Монитор параметрлерін реттейді және ұрлықтан қорғау мүмкіндігін іске
қосады
Файлдарды жүктеп алу үшін:
1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз.
2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз.
3. Өнім түрін таңдаңыз.
4. Іздеу жолағына HP мониторының үлгісін енгізіңіз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақпарат файлы
INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Windows
®
операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Windows «Plug and Play» жүйесімен үйлесімді және монитор INF файлын орнатпай-ақ
дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердің графикалық
картасының VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей графикалық
картаға жалғануын талап етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC қосқыштары немесе тарату
буферлері, қораптары немесе екеуі арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
Бағдарламалық жасақтама мен утилиталарды жүктеп алу 17