User's Guide
3 Қолдау және ақаулықтарды жою
Жиі кездесетін ақауларды шешу
Мына кестеде орын алуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін
ұсынылатын әдістер көрсетілген.
Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер
Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою әдісі
Экран бос немесе бейне
жыпылықтайды.
Қуат сымы ажыратылған. Монитордың қуат сымын жалғаңыз.
Монитор өшірулі. Монитордың қуат сымын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қуат түймесін басу әсер етпесе, Қуат
түймесін құлыптау мүмкіндігін ажырату үшін Қуат
түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Бейне кабелі қосылмаған. Негізгі құрылғы мен мониторды бейне кабелімен
жалғаңыз. Бейне кабелін қосу кезінде, компьютер қуаты
өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін,
Кабельдерді қосу (8-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйе ұйқы режимінде. Ұйқы режимінен шығу үшін пернетақтадағы кез келген
пернені басыңыз немесе тінтуірді жылжытыңыз.
Бейне картасы үйлесімді емес. Бейне картаны ауыстырыңыз немесе бейне кабелін
компьютердің бейне көздеріне жалғаңыз.
Кескін тым күңгірттенеді. Жарықтық параметрі тым төмен. Экрандағы дисплей мәзірін ашып, Яркость (Жарықтық)
тармағын таңдаңыз да, жарықтық шкаласын сәйкесінше
реттеңіз.
«Входной сигнал не
обнаружен» (Кіріс сигналы
табылмады) хабары
экранда пайда болады.
Монитордың бейне кабелі
ажыратылған.
Компьютерден келетін тиісті бейне сигналы кабельін
мониторға жалғаңыз. Бейне кабелін қосу кезінде,
компьютер қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
«Входной сигнал вне
диапазона» (Кіріс сигналы
диапазоннан тыс) хабары
экранда пайда болады.
Бейне ажыратымдылығы және/
немесе жаңарту жиілігі монитор
қолдайтын мәннен жоғарырақ
мәнге қойылған.
Параметрлерді қолдау көрсетілетін параметрлерге
өзгертіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Алдын-ала
орнатылған дисплей ажыратымдылықтары (29-бет)
бөлімін қараңыз.
Монитор өшірілген, бірақ ол
төмен қуатты
пайдаланылатын ұйқы
режиміне өтпеген сияқты.
Монитордың ұйқы режимі
ажыратылады.
Экран дисплейі мәзірін ашыңыз және Управление
питанием (Қуатты басқару), Автоматический спящий
режим (Автоматты ұйқы режимі) опциясын таңдап,
автоматты ұйқы мүмкіндігін Вкл. (Қосу) күйіне қойыңыз.
Экранда «Блокировка
экранного меню»
(Экрандық дисплейді
құлыптау) хабары
көрсетіледі.
Монитордың экрандық мәзірді
блоктау функциясы іске қосылған.
Экрандық мәзірді блоктау функциясын өшіру үшін, Меню
(Мәзір) түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Экранда «Блокировка
кнопки питания» (Қуат
Монитордың қуат түймесін блоктау
функциясы іске қосылған.
Қуат түймесін бөгеу функциясын өшіру үшін Қуат түймесін
10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Жиі кездесетін ақауларды шешу 23