User's Guide
Кесте 3-1 Жалпы ақаулар мен шешімдер (жалғасы)
Ақау Ықтимал себеп Ақауды жою әдісі
түймесін құлыптау) хабары
көрсетіледі.
USB хабында ұйқы
режимінде зарядтау
функциясы жоқ.
Экрандық дисплейде қуат режимі
қуат үнемдеу режиміне
орнатылады.
Экрандық дисплейде қуат режимін өнімділік режиміне
өзгертіңіз.
Түйме бөгеулері
Қуат түймесін немесе Меню (Мәзір) түймесін 10 секунд ұстап тұру осы түйменің жұмысын бөгейді.
Функцияларын қалпына келтіру үшін, сол түймені 10 секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция
монитор қосылып тұрғанда және белсенді сигнал көрсетіліп тұрғанда ғана істейді.
Қолдау қызметіне хабарласу
Жабдық немесе бағдарламалық құрал ақауын шешу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіңіз. Бұл сайтты ақауларды жою туралы талқылау форумдар және нұсқаулардың сілтемелерін
қамтитын өнім туралы ақпаратты алу үшін пайдаланыңыз. Сонымен қатар HP компаниясына хабарласу
және қолдау көрсету ісін ашу туралы ақпаратты алуыңызға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Монитормен бірге жеткізілген қуат сымын, айнымалы ток адаптерін (тек таңдаулы
өнімдерде) немесе басқа кабельдерін ауыстыру үшін, тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу алдындағы
дайындық
Егер осы бөлімдегі ақауларды жою жөніндегі кеңестердің көмегімен ақауды жоя алмасаңыз,
техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болуы мүмкін. Қоңырау шалғанда сізде келесі
ақпарат болуы керек:
● Монитор моделінің нөмірі
● Монитордың сериялық нөмірі
● Шоттағы сатып алынған күн
● Ақаудың пайда болу жағдайлары
● Алынған қате туралы хабарлар
● Жабдық конфигурациясы
● Пайдаланылатын жабдық пен бағдарламаның атауы мен нұсқасы
24 3-тарау Қолдау және ақаулықтарды жою