User's Guide
4 Мониторға техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс
жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
● Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген тиісті
қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
● Розеткаға қосылатын өнімдердің номиналды тогы розетка жасалған ток күшінен аспайтынына,
ал қуат сымының көмегімен қосылған құрылғылардың жалпы номиналды ток сымы жасалған
номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Әрбір құрылғының номиналды тогын (AMPS
немесе А) анықтау үшін, қуат жапсырмасын қараңыз.
● Мониторды оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны
берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып
ажыратпаңыз.
● Монитор пайдаланылмайтын кезде, оны өшіріп қойыңыз және экран сақтағыш бағдарламасын
пайдаланыңыз. Бұл монитордың болжамды жарамдылық мерзімін айтарлықтай арттырады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
● Корпустағы саңылаулар мен тесіктерді бөгемеңіз немесе оларға нысандарды салмаңыз. Бұл
саңылаулар желдетуді қамтамасыз етеді.
● Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
● Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
● Мониторды жақсы желдетілетін аумақта, шамадан тыс жарық, ыстық немесе ылғалдан ары
ұстаңыз.
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз және қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.
2. Сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
4. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін, бензин, сұйылтқыш
немесе қандай да ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
26 4-тарау Мониторға техникалық қызмет көрсету










