User's Guide
1 Іске кірісу
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге айнымалы ток адаптері және қуат сымы берілуі мүмкін. Егер басқа сым
пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз.
Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымы жинағы туралы ақпаратты құжаттама жинағындағы
Өнім ескертулері бөлімінен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін:
● Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
● Қуат сымында 3 істікшелі аша болса, оны жерге қосылған 3 істікшелі розеткаға жалғаңыз.
● Компьютердің қуатын қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суыру арқылы ажыратыңыз.
Айнымалы ток розеткасынан қуат сымын ажыратқанда сымның ашасынан ұстаңыз.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Мониторға жалғанатын барлық сымдарды және кабельдерді өткізгенде олардың басылып қалмауы,
тартылмауы, ілінбеуі немесе оларға шалынбау үшін аса сақ болу керек.
Ауыр жарақат қаупін азайту үшін, пайдаланушы нұсқаулықтарымен бірге берілген Инструкция
безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығын оқыңыз.
Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс ұйымдастыру жолдары,
денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Инструкция
безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығында
маңызды электр және механикалық қауіпсіздік ақпараты да беріледі. Сонымен қатар Инструкция
безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығы
http://www.hp.com/ergo сілтемесі арқылы интернетте қолжетімді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мониторды және компьютерді қорғау үшін, барлық компьютердің және басқа
перифериялы құрылғылардың (монитор, принтер, сканер сияқты) барлық қуат сымдарын кернеу
тұрақтандырғышы немесе үздіксіз қуат көздері (ҮҚК) сияқты кернеудің артып кетуінен қорғау
құрылғысына қосыңыз. Кернеу тұрақтандырғыштарының барлығы да кернеудің артып кетуінен
қорғамайды; кернеу тұрақтандырғышында осындай мүмкіндік бар деген арнайы жапсырма болуы
керек. Зақымдалған жағдайда ауыстыру саясатын қолданатын және кернеу ауытқуларынан
қорғамаған жағдайда жабдықты ауыстыруға кепілдік беретін өндірушінің желілік сүзгісін
пайдаланыңыз.
Мониторды дұрыс ұстап тұру үшін, арнайы жасалған дұрыс өлшемді жиһазды пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Комодтарда, кітап шкафтарында, сөрелерде, үстелдерде, динамиктерде,
жәшіктерде немесе арбашаларда дұрыс орнатылмаған мониторлар құлап, дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл өнім ойын-сауық мақсаттарында қолдануға арналған. Айналасындағы жарық пен
жарқын беттердің әсерінен экраннан көзге жағымсыз шағылысу болмауы үшін, мониторды жарығы
реттелетін жерге қойған дұрыс.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат 1