User's Guide
Мониторды орнату
Монитор тұғырын орнату
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің
бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түс біркелкі болмауы немесе сұйық кристалдардың бағыты
бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді.
1. Монитордың бетін төмен қаратып, жұмсақ, таза матамен жабылған тегіс бетке орналастырыңыз.
2. Тұғырдың тіреуіш тақтайшасын панелдің (1) артындағы саңылаудың үстіңгі жағынан
сырғытыңыз.
3. Тұғырдың тіреуіш тақтайшасын саңылауға кілт етіп орныққанша (2) басыңыз.
4. Тұғыр орнына бекітілгенде, орнату тақтасының астындағы ысырма сырғып шығады.
6 1-тарау Іске кірісу










