User's Guide

4. Желі кабелінің бір ұшын монитордағы желі ұясына, ал екінші ұшын желі қабырға ұясына немесе
маршрутизаторға жалғаңыз.
5. Қуат сымының бір ұшын айнымалы ток адаптеріне (1), ал екінші ұшын жерге тұйықталған
айнымалы ток розеткасына (2) жалғап, айнымалы ток адаптерін монитордағы (3) қуат КІРІС
қосқышына жалғаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін:
Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды
қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған айнымалы ток
розеткасына қосыңыз.
Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз.
Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Айнымалы ток розеткасынан қуат сымын
ажыратқанда сымның ашасынан ұстаңыз.
Мониторды орнату 9