User's Guide
3. Жеке жұмыс орныңыздың ыңғайлы орналасуы үшін монитордың биіктігін реттеңіз. Монитордың
жоғарғы беттік панель жиегі көз деңгейінен жоғары болмауы керек. Төмен орналасқан немесе
артқа шалқайып тұрған монитор түзегіш линзалары бар пайдаланушыларға ыңғайлы. Монитор
күні бойы жұмыс істейтін қалпыңызға байланысты қайта қойылады.
4. Қолдануыңызға байланысты, монитор басын альбомдық бағыттан портреттік бағытқа бұруға
болады.
а. Монитор басының биіктігін реттеңіз және толық шалқайту үшін артқа қарай итеріңіз (1).
ә. Монитор басын альбомдық бағдардан портреттік бағдарға қою үшін, сағат тілімен немесе
сағат бағытына қарсы 90°-қа бұрыңыз (2).
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Мониторды бұрған кезде толық биіктікте тұрмаса, оның басын
төменгі жақ бұрышы тіреуішке тиіп мониторды зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Портреттік режимдегі экранда ақпаратты көру үшін, http://www.hp.com/support HP
Display Assistant бағдарламалық құралын жүктеп алып, компьютеріңізге орнатыңыз және
пайдаланыңыз. OSD мәзірінің қалпы да портреттік бағытқа бұрылады. Экрандық дисплей мәзірін
айналдыру мақсатында экрандық дисплейді ашу үшін, Меню (Мәзір) түймесін басыңыз, мәзірден
Управление меню (Мәзірді басқару) опциясын таңдап, Поворот меню (Мәзірді айналдыру)
опциясын таңдаңыз.
12 1-тарау Іске кірісу