User's Guide
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын
түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары
сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін,
қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат
басқару параметрін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
Қауіпсіздік кабелін орнату
Мониторды HP компаниясынан алуға болатын қосымша қауіпсіздік кабелімен орнатылған нәрсеге
бекітуіңізге болады.
Мониторды орнату
Монитор басын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына бекітуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы UL– немесе CSA– тізіміндегі қабырғаға бекіту кронштейн арқылы қолдау
көрсетуге арналған.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл монитор VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес 100 мм орнату тесіктерін
қолдайды. Үшінші жақ орнату құралын монитор басына бекіту үшін, ұзындығы - 4 мм, биіктігі - 0,7
қадам, 10 мм төрт бұранданы пайдаланыңыз. Ұзын бұрандаларды пайдаланбау керек, себебі олар
мониторды зақымдауы мүмкін. Өндірушінің орнату құралының VESA өнеркәсіптік стандартына сәйкес
келетінін және монитор басының салмағын көтеретінін тексеру маңызды. Ең жақсы өнімділік үшін
монитормен бірге берілген қуат және бейне кабельдерін пайдалану маңызды.
14 1-тарау Іске кірісу