User's Guide

2. Монитор басын тербелмелі тетікке немесе басқа орнату құрылғысына тіркеу үшін, орнату
құрылғысындағы тесіктер арқылы төрт орнату бұрандасын өткізіп, монитор басындағы VESA
бұранда тесіктеріне кіргізіңіз.
HP ноутбук немесе жұмыс үстелі компьютерін қондыру
HP ноутбук немесе жұмыс үстелі компьютерін бір USB Type-C қосылымы бар мониторға қондыруға
болады. HP ноутбугін қондыру кезінде USB Type-C порты желі, деректер, бейне және қуат жеткізу
мүмкіндігін береді. Желі кабелі желінің негізгі ұясынан USB Type-C арқылы желіге қосылатын
монитордың желі ұяшығына жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Хост компьютері USB Type-C қосқышы арқылы DisplayPort балама режимін (бейне,
зарядтау және USB 3.1) қолдау мүмкіндігіне ие болуы және USB Type-C-Thunderbolt іске қосылған
порттарымен үйлесімді болуы керек.
Екі хост компьютерін қондыру мониторына жалғау жүйені өшірілуіне, қуат көзінің жойылуына және
мониторды өшіріп, қайта іске қосу қажеттілігіне себеп болуы мүмкін.
HP ноутбугін немесе жұмыс үстелі компьютерін қондыру үшін, USB Type-C кабелінің бір ұшын
монитордың артындағы USB Type-C портына, ал екінші ұшын HP ноутбук немесе жұмыс үстелі
компьютеріндегі USB Type-C портына жалғаңыз. Бұл USB Type-C кабелі жоғары жылдамдықтағы
деректер, аудио және бейне, қуат жеткізуге арналған бір кабельді қосылымды қамтамасыз етеді.
16 1-тарау Іске кірісу