User's Guide

Aвто ұйқы режимін қолдану
Монитор экрандық дисплей (OSD) мәзіріндегі Auto-Sleep Mode (Aвто ұйқы режимі) опциясын қолдайды,
ол арқылы монитордың қуат күйін азайту функциясын қосуға немесе өшіруге болады. Автоматический
спящий режим (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса, монитор қосылып тұрған компьютер төмен қуат
сигналын бергенде (көлденең немесе тік синхронды сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді.
Auto-Sleep Mode (Авто ұйқы режимі) әдепкі бойынша іске қосылады.
Осы шектеулі қуат күйіне (ұйқы режимі) енген кезде монитор экраны бос болады, артқы жарығы өшеді
және қуат шамының индикаторы сары түске айналады. Монитор қуат үнемдеу күйінде 0,5 Вт-тан кем
қуат қолданады. Басты құрылғы мониторға белсенділік сигналын жібергенде, монитор ұйқы
режимінен оянады
(мысалы, сіз тінтуірді немесе пернетақтаны қозғағаныңызда).
Auto-Sleep режимін өшіру үшін:
1. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Mеню (Мәзір) түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірінде Управление питанием (Қуатты басқару), Автоматический переход в
спящий режим (Автоматты ұйқы режимі) бөлімдерін, содан кейін Выкл. (Өшіру) опциясын
таңдаңыз.
Қуат режимі параметрін өзгерту
Ұйқы режимінде халықаралық қуат стандарттарына сәйкес болу үшін, монитордың әдепкі параметрі
Қуат үнемдеу режимінде болады. Дисплей өнімділік режимін қолдайтын болса, монитор Авто ұйқы
режимімінде болғанда да USB порттарын қосулы күйінде сақтау үшін, Қуат режимі параметрін қуат
үнемдеу күйінен өнімділік күйіне өзгертіңіз.
Қуат режимі параметрін өзгерту үшін:
1. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
2. Управление питанием (Қуатты басқару), Режим питания (Қуат режимі) опциясын, содан кейін
Производительность (Өнімділік) опциясын таңдаңыз.
3. Сохранить (Сақтау) оцпиясын таңдап, экрандық дисплейді жабыңыз.
Aвто ұйқы режимін қолдану 23