User's Guide

Түйме бөгеулері
Қуат немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд ұстап тұру арқылы осы түйменің жұмысын бөгеуге
болады. Функцияларын қайтару үшін, сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл функция
монитор қосылып тұрғанда және белсенді сигнал көрсетіліп тұрғанда ғана істейді.
Қолдау қызметіне хабарласу
Жабдық немесе бағдарламалық құрал ақауын шешу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіңіз. Бұл сайтты ақауларды жою туралы талқылау форумдар мен нұсқаулардың сілтемелерін
қамтитын өнім туралы ақпаратты алу үшін пайдаланыңыз
. Сонымен қатар HP компаниясына хабарласу
және қолдау көрсету қорабы туралы ақпаратты алуыңызға болады.
Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу алдындағы
дайындық
Егер осы бөлімдегі ақауларды жою жөніндегі кеңестердің көмегімен ақауды жоя алмасаңыз,
техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу қажет болуы мүмкін. Қоңырау шалғанда сізде келесі
ақпарат болуы керек:
Монитор моделінің нөмірі
Монитордың сериялық нөмірі
Шоттағы сатып алынған күн
Ақаудың пайда болу жағдайлары
Алынған қате туралы хабарлар
Жабдық конфигурациясы
Пайдаланылатын жабдық пен бағдарламаның атауы мен нұсқасы
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірін табу
Сериялық нөмірі мен өнім нөмірі монитор басының артқы жағындағы жапсырмада орналасқан. Бұл
нөмірлер мониторыңыздың моделі туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін.
Түйме бөгеулері 25