Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы
© Copyright 2018, 2019 HP Development Company, L.P. Windows – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпті емес ақпаратты көрсетеді (мысалы, мүліктік залалға қатысты хабарлар).
vi Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ........................
Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................ 41 қосымшасы б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары ............................................................................................................................................ 42 Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету ..........................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық диск жетегінің ұясын жабатын бітеуіш бар. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 1-2 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Бөлік Бөлік 1 Жұқа оптикалық диск жетегі (қосымша) 5 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB порты 2 Қос күйлі қосу түймесі 6 USB порты 3 Қатты драйвер жұмыс шамы 7 USB SuperSpeed порттары (2)** 4 Аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы* 8 Жад картасын оқу құрылғысы * Құрылғыны тізбекті ұяшыққа жалғағанда, диалогтік терезе көрсетіледі. Жалғанатын құрылғы түрін таңдаңыз.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері Кесте 1-3 Артқы тақта құрамдас бөлшектері Бөлік Бөлік 1 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 6 Аудио кіріс ұясы 2 DisplayPort мониторының қосқышы 7 RJ-45 (желі) ұясы 3 VGA мониторының қосқышы 8 Тізбекті порт қосқышы 4 USB SuperSpeed порттары (өнімге байланысты 2 не 4) 9 Қуат сымының қосқышы 5 USB 2.0 порттары (4) ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясынан қосымша сериялық порт және қосымша параллель портқа тапсырыс беруге болады.
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Көмек алу үшін қолдау көрсету қызметіне хабарласқан кезде осы нөмірлерді пайдалану үшін дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған көптеген орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін, қуат сымын ажыратып қою керек. Компьютердің алынбалы панелін алу 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Тақтаны компьютерге орналастырып (1), оны алға жылжытыңыз да (2), тақтаны орнына бекіту үшін бұранданы қатайтыңыз (3).
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 3. Жапқыштың (1) бүйіріндегі тартқышты көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз.
Оптикалық драйв қақпағын алу Кейбір үлгілерде жіңішке драйв саңылауының жапқышы болады. Оптикалық драйвты орнатарда жапқышты алыңыз. Жапқышты алу үшін: 10 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) және Алдыңғы жапқышын алу (9-бет) бөлімдерін қараңыз. 3.
Алдыңғы жапқышын ауыстыру Жапқыштың төменгі жиегіндегі үш ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіңіп, жапқыштың жоғарғы жағын шассиге (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз.
Жүйелік тақта қосқыштары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
Жүйе жадын жаңарту Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған. Жад қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 32 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
құралымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациямен 4 Гб қос арна ретінде және 1 Гб бір арна ретінде іске қосылады. ● Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады.
3. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
3. Ұяшық қақпағын босату сырғытпасын ашық күйге бұрыңыз. 4. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің артына орналастырыңыз. 5. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту картасын алып тастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған барлық кабельдерді ажыратыңыз. а.
ә. PCI Express ×1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз. Кеңейту картасын (1) корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін, жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз.
б. Егер PCI Express ×16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін, жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. 6. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 7. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
8. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 9. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
10. Қажет болса, орнатылған картаға сыртқы кабельдерді жалғаңыз. Қажет болса, жүйе тақтасына сыртқы кабельдерді жалғаңыз. 11. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 12. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 13. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 14. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз.
Дискілерді орнату және алу Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Қосымша қатты дисктер мен оптикалық дисктерді жүйелік тақтадағы ашық көк SATA қосқыштарына (SATA1 және SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз.
3. Оптикалық драйвтың артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз. 4. Дисктің артындағы босату тетігін (1) басып, дискті алдыңғы панель арқылы сырғытыңыз (2). 9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін орнату 22 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
3. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты Оптикалық драйв қақпағын алу (10-бет) бөлімінен қараңыз. 4. Орнатылған оптикалық дискіні алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз. 9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін шығарып алу (21-бет) бөлімін қараңыз. 5. Босату ілмегіндегі шағын істікшені дискінің бүйіріндегі шағын тесікке туралаңыз да, құлақшаны дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз. 6.
7. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 8. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 және SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 9. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 10. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 11. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 12. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
3. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 4. Бекіту бұрандаларын шешіп алып (1), дискіні көтеріп, орнынан шығарып алыңыз (2). 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз.
3. Дискіні ұяшықтың ішіне қарай төмендетіп, орнына сырғытыңыз (1), содан кейін жаңа бекіткіш бұрандаларын орнату үшін ескі дискіден шығарып алынған бұрандаларды пайдаланыңыз (2). 4. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 5. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 7. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 2,5 дюймдік қатты дискіні алу ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2.
4. Үш 6-32 бекіту бұрандасын (1) шешіп алып, дискіні орнынан шығарып алыңыз (2). 2,5 дюймдік қатты дискіні орнату 28 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз. 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз.
3. Дискіні орнына сырғытып салыңыз да (1), дискіні бекіту үшін үш 6-32 бекіту бұрандасын (2) бекітіңіз. ЕСКЕРТПЕ: салыңыз. Қатты дискіні ауыстырғанда ескі дискінің үш 6-32 бекітетін бұрандасын жаңа дискіге 4. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 5. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк қосқышқа жалғануы қажет. Екінші қатты дискіні қосатын болсаңыз, оны ашық-көк SATA қосқышына жалғаңыз. 6. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 7. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Ілмелі құлып HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз.
32 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз. 3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз.
4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз. 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз.
34 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз. 7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз.
8. Шассидің артындағы басы бұдыр бұранданы шығарып алып, бұранда саңылауындағы шассиге құлыпты бұрап бекітіңіз. 9. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (1) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (2) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
10. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
а Батарея ауыстыру Компьютерде орнатылған батареялар ағымдағы уақыт бойынша өріс береді. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютердегі батарея 3-вольттық тиын ұялы литий батареясы. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз. 60°C (140°F) жоғарырақ температурада сақтамаңыз.
ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. 38 Батареяны ұстағышынан босату үшін батарея шетінің үстінде тұрған металл қысқышты (1) қысыңыз. Батарея (2) шыққанда, көтеріп алып шығыңыз.
ә. Жаңа батареяны салу үшін, ауыстыратын батареяның бір жақ шетін оң жағы жоғары қараған ұстағыштың (1) ернінің астымен сырғытып салыңыз. Екінші жағынан төмен қарай, қысқыш батареяның шетінен ұстап қалғанша итеріңіз (2). 3-түрі а. Батареяны орнында ұстап тұрған қысқышты (1) артқа тартыңыз да батареяны алып шығыңыз (2). ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 5.
40 6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 7. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: 42 ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 2,5 дюймдік қатты драйвты алу 27 орнату 28 3,5 дюймдік қатты драйвты орнату 25 К кеңейту картасы алып тастау 15 орнату 15 компьютер жұмысы туралы нұсқаулық 42 С сериялық нөмір орны А алдыңғы жапқышы алып тастау 9 ауыстыру 11 алдыңғы қақпағы бос күйінде алу 10 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу алдыңғы жапқышы 9 кеңейту картасы 15 компьютерге кіру тақтасы оптикалық диск 21 алынбалы панель алып тастау 7 ауыстыру 8 артқы тақта құрамдас бөлшектері 4 Қ қақпағын алу 10 қатты диск 3