Hardware Reference Guide

құралымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациямен 4 Гб қос арна ретінде және 1 Гб бір арна
ретінде іске қосылады.
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе
жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр
статикалық разряд (41-бет) тарауынан қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан
жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нәтижесінде жад
модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін
қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
14 2-тарау Құрылғы жаңартулары