HP DesignJet T100 and T500 Printer series - Getting started
Кіріспе ақпарат
1
Қазақша
Ол не?
Принтеріңіз — үлкен, жоғары сапалы
суреттерді басып шығаруға арналған түсті
ағындық принтер.
Бұл кіріспе құжат заңды ескертулерді және
қауіпсіздік нұсқауларын қамтиды, алдыңғы
панельді пайдалануды сипаттайды, веб-
қызметтерді таныстырады және орын алуы
мүмкін қате хабарларының тізімін береді.
Пайдаланушы нұсқаулығы қайда?
Принтеріңізге арналған толық пайдаланушы
нұсқаулығын төмендегі HP компаниясының қызмет
көрсететін веб-сайтынан алуға болады:
http://www.hp.com/go/T100/manuals
http://www.hp.com/go/T120/manuals
http://www.hp.com/go/T125/manuals
http://www.hp.com/go/T130/manuals
http://www.hp.com/go/T520/manuals
http://www.hp.com/go/T525/manuals
http://www.hp.com/go/T530/manuals
Қосымша ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады:
http://www.hp.com/go/T100/support
http://www.hp.com/go/T120/support
http://www.hp.com/go/T125/support
http://www.hp.com/go/T130/support
http://www.hp.com/go/T520/support
http://www.hp.com/go/T525/support
http://www.hp.com/go/T530/support
Принтерге арналған бағдарламалық құралды келесі
веб-сайттан жүктеуге болады:
http://www.hp.com/go/T100-T500/drivers
Құқықтық ескертулер
© Copyright 2019 HP Development Company, L.P.
Бұл жерде көрсетілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі
мүмкін. Тек HP өнімдері мен қызметтерінің кепілдіктері
ғана осындай өнімдермен және қызметтермен бірге
келетін тікелей кепілдік мәлімдемесінде жарияланады.
Мұнда көрсетілген бірде-бір ақпарат қосымша кепілдік
ретінде қарастырылмауы тиіс. HP компаниясы бұл
құжаттағы техникалық немесе редакторлық қателерге
немесе көрсетілмей қалған ақпаратқа жауапты емес.
Кейбір елдер/аймақтар үшін басылған HP шектеулі
кепілдігі қорапта беріледі. Кепілдік басылған пішімде
берілмеген елдерде/аймақтарда басылған көшірмені
http://www.hp.com/go/orderdocuments сайтынан сұрауға
болады.
http://www.hp.eu/certicates веб-сайтында BCLAA-1101
мәнін іздеу арқылы сәйкестік мәлімдемесін табуға
болады.
Қауіпсіздік шаралары
Келесі сақтық шаралары принтердің дұрыс қолданысын
тексеріп, принтердің зақымдалуын болдырмайды.
Осысақтық шараларды барлық уақытта орындаңыз.
• Жапсырмада көрсетілген қуат көзінің кернеуін
пайдаланыңыз. Басып шығарғыштың ток розеткасын
бірнеше құрылғымен асыра жүктемеңіз.
• Басып шығарғышты өзіңіз бөлшектемеңіз немесе
жөндемеңіз. Қызмет үшін HP қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз.
• Басып шығарғышпен тек HP берген электрлік сымды
пайдаланыңыз. Қуат сымын зақымдауға, кесуге
немесе жөндеуге болмайды. Зақымдалған қуат
сымы өртке немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Зақымдалған қуат сымын HP мақұлдаған қуат сымымен
ауыстырыңыз.
• Металл бөлігінің немесе сұйықтықтың (HP тазалау
жинақтарында пайдаланылғандарынан басқа) басып
шығарғыштың ішкі бөліктеріне тиюіне жол бермеңіз.
Олай істеу өрт, ток соғу немесе басқа қауіпті қатерлерді
тудыруы мүмкін.
• Келесі жағдайлардың кез келгенінде басып шығарғышты
өшіріңіз және қуат сымын қуат розеткасынан суырыңыз:
• Қолды принтер ішіне салған кезде
• Басып шығарғыштан түтін немесе қалыптан тыс
түтін шықса
• Басып шығарғыш қалыпты жұмыс кезінде
естілмейтін қалыптан тыс шу шығарса
• Металл бөлігі немесе сұйықтық (тазалау және
техникалық қызмет көрсету дағдыларының бөлігі
емес) басып шығарғыштың ішкі бөліктеріне тисе
• Электрлік (боран/найзағай) дауыл кезінде
• Қуат ақауы кезінде
HP DesignJet T100/T500 принтер сериясы
Кіріспе ақпарат










