Equipment reference manual
© Copyright 2018 HP Development Company,
L.P.
Осы жердегі мәліметтер ескертусіз
өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен
қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік –
осындай өнімдермен және қызметтермен
бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы
құжаттағы басқа еш нәрсе кепілдік деп
қаралмайды. HP компаниясы осы жерде
кездескен техникалық немесе өңдеу
қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты
болмайды.
Бірінші басылым: маусым, 2018 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: L17238-DF1
Өнім ескертуі
Бұл нұсқаулықта көптеген үлгілерге ортақ
функциялар сипатталған. Кейбір
функциялар өніміңізде болмауы мүмкін.
Пайдаланушы нұсқауының соңғы нұсқасын
ашу үшін, http://www.hp.com/support
сілтемесіне өтіп, өніміңізді табу
нұсқауларын орындаңыз. Содан кейін
Руководство пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулары) бөлімін таңдаңыз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнату, көшіру, жүктеп алу
немесе басқа жолмен пайдалану арқылы HP
Түпкі пайдаланушы лицензиялық келісіміне
(EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз осы
лицензиялық шарттармен келіспесеңіз,
қолданылмаған өнім қаражатын қайтару
ережелеріне сәйкес төленген қаражатты
толық қайтарып алу үшін, пайдаланбаған
өнімді (аппараттық және бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға
қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат алу немесе компьютердің
ақысын толық қайтаруды сұрау үшін
сатушыға хабарласыңыз.










