Equipment reference manual
а. Қатты диск ұясын шасси ішіне орналастырып, оны алға қарай (1) сырғытыңыз. Қатты диск
ұясын шассиге бекітетін екі бұранданы (2) орнатып, қатты диск кабелін (3) жүйелік тақтаға
жалғаңыз. Қатты диск кабелінің қысқышын (4) жүйелік тақта қосқышына тіркеп, кабельді
бекітіңіз.
ә. Қатты дискіні бекіту бұрандаларын қатты диск ұясындағы ойықтармен туралаңыз, қатты
дискіні ұяға басып енгізіңіз және оны алға қарай сырғытыңыз (1). Қатты дискіні енгізу үшін
қатты диск ысырмасын төмен бұраңыз (2).
Графикалық процессор бар үлгілер үшін:
а. Графикалық процессорды жүйелік тақтамен жалғанатындай етіп (1) шасси ішіне
орналастырып, графикалық процессорды үш бұрандамен жүйелік тақтаға бекітіңіз (2).
M.2 PCIe қатты күйдегі диск (SSD) ауыстыру 23










