Equipment reference manual

10. Жаңа WLAN модулін жүйелік тақтадағы ұяға қатты (1) енгізіп, берілген бұрандамен (2) модульді
жүйелік тақтаға бекітіңіз. Әрбір антенна кабеліндегі белгіні WLAN модуліндегі сәйкес қосқышпен
келтіріңіз және антенна кабельдерін (3) қосқыштарға тіркеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: WLAN модулін бір жолмен ғана орнатуға болады.
11. Үлгісіне қарай қатты диск ұясын немесе графикалық процессорды ауыстырыңыз.
Қатты диск бар үлгілер үшін:
а. Қатты диск ұясын шасси ішіне орналастырып, оны алға қарай (1) сырғытыңыз. Қатты диск
ұясын шассиге бекітетін екі бұранданы (2) орнатып, қатты диск кабелін (3) жүйелік тақтаға
жалғаңыз. Қатты диск кабелінің қысқышын (4) жүйелік тақта қосқышына тіркеп, кабельді
бекітіңіз.
WLAN модулін ауыстыру 29