HP ScanJet Pro 2000 s2, 3000 s4, N4000 snw1, HP ScanJet Enterprise Flow 5000 s5, 7000 s3, N7000 snw1 - Warranty and Legal Issues Guide

келісімдермен қорғалған. Бағдарламалық құралдан өнім идентификаторларын, авторлық құқық
ескертулерін немесе жекеменшік шектеулерді алып тастауға болмайды.
6. КЕРІ ЖОБАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ. Шектеуге қарамастан қолданбалы заңға сәйкес міндеттелгеннен
басқа жағдайда және тек міндеттелгенде немесе осы EULA келісімінде айқын қамтамасыз етілмесе,
бағдарламалық құрал өнімін кері жобалауға, декомпиляциялауға немесе бөлшектеуге болмайды.
7. ШАРТ. Бұл EULA келісімі тоқтатылғанша немесе бас тартылғанша жарамды. Сонымен қатар, осы
келісімдегі шарттар сақталмаса немесе осы EULA келісімінің шарты не талаптары орындалмаса, EULA
келісімі тоқтатылады.
8. ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ОРНАТУ.
а. Бағдарламалық құралды пайдалану үшін HP ID қызметінде есептік жазба жасау және тіркеу
қажет. HP ID есептік жазбасына кіру және оны пайдалану үшін қажетті барлық жабдықты,
қызметтер мен бағдарламалық құралдарды, Бағдарламалық құралмен және
құрылғы(лары)ңызбен байланысты кез келген қолданбаларды алу және жүргізу, сондай-ақ
тиісті төлемдерді жасау үшін сіз жауапты боласыз.
ә. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДА ЖИНАЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ПАЙДАЛАНУШЫ АТТАРЫ МЕН
ҚҰПИЯСӨЗДЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ҮШІН ТЕК СІЗ ТОЛЫҚ ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ. HP ID есептік
жазбаңыздың кез келген рұқсатсыз пайдаланылуы немесе осы Бағдарламалық құралға не ол
орнатылған құрылғы(лар)ға қатысты басқа кез келген қауіпсіздік режимінің бұзылулары туралы
HP компаниясына дереу хабарлауыңыз керек.
9. ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЕСКЕРТПЕСІ. HP ұйымы сіз HP ID қызметіне және Бағдарламалық құралмен
байланысқан түрлі қолданбаларға кіру үшін қолданатын пайдаланушы аттарын, құпиясөздерді,
құрылғының IP мекенжайларын және/не басқа да түпнұсқалықты растау ақпаратын жинауы мүмкін.
HP бұл деректерді пайдаланушы қажеттіліктерінің негізінде Бағдарламалық құралдың тиімділігін
арттыру, қолдау және техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік пен бағдарламалық құралдың
тұтастығын қамтамасыз ету үшін пайдалануы мүмкін. Деректерді жинау туралы қосымша ақпаратты
HP құпиялық мәлімдемесі құжатының «Қандай деректерді жинаймыз» және «Деректерді қалай
пайдаланамыз» атты бөлімдерінен көруге болады.
10. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ. ҚОЛДАНБАЛЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС HP ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІН «СОЛ КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ БАРЛЫҚ АҚАУЛЫҚТАРЫМЕН БЕРЕДІ ЖӘНЕ
БАРЛЫҚ БАСҚА КЕПІЛДІКТЕРДЕН, МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН ЖӘНЕ ОСЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕ АНЫҚ, АЙҚЫН
НЕМЕСЕ АШЫҚ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАРДАН БАС ТАРТАДЫ: (i) АТАУЫ ЖӘНЕ ЕШКІМНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАУЫ; (ii) САТУ МҮМКІНДІГІ; (iii) БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ЖАРАМДЫЛЫҒЫ; (iv) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ HP ШЫҒАРМАҒАН ЖАБДЫҚТАРМЕН НЕМЕСЕ
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРМЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ; (v), БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛҒА ҚАТЫСТЫ ЕШБІР ВИРУСТАР
БОЛМАЙТЫНДЫҒЫ. Кейбір облыстар/юрисдикциялар қолданбалы кепілдіктер барысында
шектеулерге немесе ерекшелікке рұқсат бермейді, сол себепті жоғарғы бас тарту сізге толығымен
қолданылмауы мүмкін.
11. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ. Жергілікті заңға сәйкес орын алған зақымға қарамастан, осы EULA келісімі
бойынша HP компаниясы мен оның жеткізушілерінің толық жауапкершілігі мен сіз алатын жалғыз
өтемақыңыз Бағдарламалық құралға төленген құннан артық мөлшермен немесе $5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МАКСИМАЛДЫ АУҚЫМДА, ЕШ
УАҚЫТТА HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ
ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ БАСҚАША ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ШАРТЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕЙІ, БАЙҚАМАЙ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЖАСАЛҒАН ЗАҚЫМДАР ҮШІН
АБЫСТЫҢ ЖОҒАЛУЫ, ДЕРЕКТІҢ ЖОҒАЛУЫ, БИЗНЕСКЕ КЕРІ ӘСЕР ЕТУІ, АДАМ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ
ҚҰПИЯНЫҢ АШЫЛУЫ СИЯҚТЫ ЗАРДАПТАРДЫ ҚОСА БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН), ТІПТІ HP НЕ
ОНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАБДЫҚТАУШЫСЫНА АЛДЫН АЛА АЙТЫЛСА ДА, ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН
КОМПЕНСАЦИЯ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ДА, ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Кейбір
14 1-тарау Қызмет және Қолдау KKWW