HP ScanJet Pro 2000 s2, 3000 s4, N4000 snw1, HP ScanJet Enterprise Flow 5000 s5, 7000 s3, N7000 snw1 - Warranty and Legal Issues Guide

Қосымша ENERGY STAR кәсіби кескін өнімінің үлгісі туралы мәліметтер төменде тізімделген:
www.hp.com/go/energystar
Пластик
Қолданыстан шыққаннан кейін пластикалық бөліктерді қайта өңдеу мақсатымен жылдам анықтау үшін,
салмағы 25 граммнан астам пластикалық бөліктер халықаралық стандарттарға сәйкес белгіленеді.
Материалға шектеулер
Бұл HP өнімінде сынап жоқ.
Пайдаланушылар тарапынан қалдық жабдықты тастау (ЕО және
Үндістан)
Бұл таңба өнімді басқа үй қоқысымен тастауға болмайтындығын білдіреді. Оның орнына қалдық
жабдықты пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтарды өңдеу үшін жинайтын арнайы
орынға тапсыру арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауыңыз керек. Қосымша ақпарат алу
үшін үй қоқысын тастау қызметіне хабарласыңыз немесе мына торапқа өтіңіз: www.hp.com/recycle.
Электрондық аппараттық құралды өңдеу
HP компаниясы тұтынушыларды пайдаланған электрондық аппараттық құралды өңдеуге шақырады.
Өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін мына торапқа өтіңіз: www.hp.com/recycle.
20 2-тарау Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы KKWW