Equipment reference manual

Алдыңғы жапқышын алу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Жапқыштың (1) үстіндегі төрт қойыншаны көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз.
Алдыңғы жапқышын алу 7