Equipment reference manual

Жүйе жадын жаңарту
Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад
модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған. Жад
қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы
режимде жиналған жад орнатуға болады.
Жүйесі дұрыс жұмыс істеу үшін, DIMMs келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Салалық стандартты 288 істікшелі
Буферсіз ECC PC4-19200 DDR4-2400 МГц үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM жад модульдері
CAS кідірісі 17 DDR4 2400 МГц (17-17-17 уақыт)
Міндетті JEDEC SPD ақпараты
Компьютер келесі көрсеткіштерді қолдайды:
512 МБ, 1 ГБ, 2 ГБ және 4 ГБ ECC жад технологияларымен үйлесімді емес
Бір жақты және екі жақты жад модульдері
Жад модельдері ×8 және ×16 DDR құрылғылары арқылы жасалған; ×4 SDRAM арқылы жасалған
жад модульдеріне қолдау көрсетілмеген
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдау көрсетілмеген жад модульдерін орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
Жад модулін орнату
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт жад ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM3 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM2 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM модульдерінің орнатылуына қарай бір арналы режимде, қос арналы режимде немесе
икемді режимде автоматты түрде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
Егер DIMM ұяшықтары тек бір арнада орналасса, жүйе бір арналы режимде жұмыс істейді.
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, А арнасы екі 1 ГБ DIMM құралдарымен толтырылса және бір В
2 ГБ DIMM толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет атқарады.
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға
тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдыққа қол жеткізу үшін, жадтың үлкен
көлемін екі арна араларында таралатындай етіп арналарды теңестіру қажет. Егер бір арнаның
жады басқасына қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
Мысалы, егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен және үш 1-GB DIMM құралымен
толтырып жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM және бір 1-GB DIMM құралымен және В басқа екі 1-GB
Жүйе жадын жаңарту 13