Equipment reference manual
DIMM құралымен толтырылуы қажет. Осы конфигурациясының негізінде, 4 ГБ қос арна ретінде
және 1 ГБ жалғыз арна ретінде іске қосылуы қажет.
● Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы анықталады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдерін қосқпайынша немесе алмайынша
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне әрқашан жабдықталып тұрады.
Кернеу бар кезде жад модульдерін қосу немесе алу нәтижесінде жад модульдарына немесе жүйе
тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульі ұяшықтарының алтын жалатылған металл контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу, қышқылданудың
алдын алу үшін алтын жалатылған металл контактісі бар жад модульдерін қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық бөліктерін немесе қосымша карталарды
зақымдауы мүмкін
. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап көріп,
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпаратты Электр статикалық
разряд (45-бет) бөлімінен қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдерін қосқпайынша немесе
алмайынша шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат күйіне қарамастан,
компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдеріне әрқашан
жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдеріне қосу немесе алу нәтижесінде жад
модульдеріне немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
7. Қатты диск ұясындағы барлық дискілердің артынан қуат және деректер кабельдерін
ажыратыңыз.
14 2-тарау Құрылғы жаңартулары










