Equipment reference manual
а Батарея ауыстыру
Компьютермен берілетін батареялар нақты уақыт бойынша қуат береді. Батареяны ауыстырғанда
компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютер 3 В литий
таблетка тәрізді батареямен беріледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар.
Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін:
Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
60°C (140°F) жоғарырақ температуралар әсерін тигізбеңіз.
Сыртқы контактілерді бөлшектемеңіз, бұзбаңыз, теспеңіз, қысқа тұйықтамаңыз, не болмаса отқа не
суға тастамаңыз.
Тек осы өнімге арналған HP қосалқы батареясын қолданыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Батареяны ауыстырмас бұрын, компьютердің CMOS параметрлерінің сақтық
көшірмесін жасаңыз. Батареяны алғанда немесе ауыстырғанда CMOS параметрлері өшіріледі.
Статикалық қуат компьютердің немесе қосымша жабдықтың электрлік бөлшектеріне зақым келтіруі
мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып статикалық электр
зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Литий батареясын компьютерді розеткаға қосу арқылы ұзағырақ пайдалануға болады.
Литий батареясы компьютер қуат көзіне ҚОСЫЛМАҒАНДА ғана қолданылады.
HP компаниясы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін және қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта
өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат: http://www.hp.com/recycle.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз немесе істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Батарея мен батарея ұяшығын жүйе тақтасына орналастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер үлгілерінде батареяға жету үшін ішкі компонентін алып тастау
қажет болады.
7. Жүйе тақтасындағы батарея ұяшығына қарай, батареяны ауыстыру үшін келесі нұқсаулықтарды
орындаңыз.
1-түрі
41










