Equipment reference manual
Алдыңғы жапқышын ауыстыру
Жапқыштың астындағы төрт ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіңіп, жапқыштың
жоғарғы жағын шассиге (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз.
Қосымша шаң сүзгісін тазалау
Кейбір модельдерде шаң сүзгісі бар алдыңғы панельмен жабдықталған. Шаң сүзгісінде жиналған шаң
компьютерге келетін ауа ағымына кедергі болмауы үшін шаң сүзгісін мерзімді түрде тазалап
отырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша шаң сүзгісі бар алдыңғы панельді HP компаниясынан алуға болады.
Шаң сүзгісін алып тастау, тазалау және ауыстыру:
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат күйіне қарамастан, жүйе белсенді розеткасына жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан ток болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамау үшін, компьютерді ашарда
қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Алдыңғы жапқышын ауыстыру 9










